Автокөліктер мен ұшақтардың арасында жарыстар жиі ұйымдастырлып жүр. Бірақ Lamborghini Aventador бұндай бәйгеде алғаш бой көрсетті. Жарыс Еуропаның бір әскери аэродромында өткізілді. Жер тұлпары F-16 Fighting Falcon әскери ұшағымен текетіресіп көрді.
Бәйгені Даниялық Bilmagasinet журналы өткізіпті. Бәйге ұйымдастырушылары бұл туралы артық ауыз әңгіме айтпады. Дегенмен назарымызға сол бәйгенің бейнебаянын ұсынған екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2ZTd1E5frDQ","width":"450","height":"256"});
Видеоға көз салар болсақ, жарысқа F-16 ұшағымен Lamborghini Aventador LP700-4 маркалы автомобилі түскендігі белгілі болады. Жарыстың бастапқы бөлігінде автокөлік ұшақтан озып, оның алдына бірден шықты. Дегенмен ұшақ әуеге көтерілгеннен соң, көлікті шаң қаптырды. Солай болуы да керек еді. F-16 Fighting Falcon - 2 200 км/сағ жылдамдықты бағындыра алатын зымыран. Lamborghini Aventador өз кезегінде 350 км/сағ жылдамдықпен жүре алады. Бұл көлік 6,5 литрлік 12 цилиндрі бар, 100 км/сағ жылдамдықты 2,9 секундта бағындыра алатын тұлпар.
Айта кетелік, 2007 жылы дәл осындай бәйгені Ұлыбританиялық Top Gear авто-шоуы ұйымдастырған болатын. Жарысқа Euro Fighter зымыраны мен Bugatti Veyron көлігі қатысқан еді. Сол кезде де бәйгенің нәтижесі осы шамалас болды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: m.brobible.com