Audi R8 GT Sport көлігі таныстырылмақ

Жақында шетел ақпараты Германияның жарыс жолында сынақтан өтіп жатқан Audi көлігінің жаңа нұсқа суреттерін жариялады. Олардың айтуынша бұл былтырдан бері жобаланып жатқан Audi R8 GT Sport көлігі болуы әбден мүмкін екен. Сондай-ақ бұл жаңа R8 типтегі көліктердің ең соңғы нұсқасы болуы да мүмкін. Атаулы компанияның бұл көлігі алда Mercedes SLS AMG Black Series көлігімен саудалық бәсекеге түсетін болады.

Көліктің жобалануы осы түрдегі бұрынғы көліктерге мүлде ұқсамайды. Audi компаниясының жарыс көліктерін жасау техникасы ұзақ жылдық тарихқа ие. Күні бүгінге дейін  TT quattro Sport көліктері атаулы компанияның атағын аспандатты. Дегенмен, былтыр бұл көлік жобасы таныстырылымында жарыс көліктеріне ұқсатылған ең соңғы нұсқа болуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Матор қысымы жағынан R8 GТ көлігі 560 аткүшіне тең, ал жыл соңына дейін сатылымға бар болғаны 333 данасы ғана шықпақ. Жаңа көлік жайлы бұдан өзге ақпараттар әлі күнге жарияланбаған. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com