- Негізгі бет
- Әдеп
- Полиция қызметкері: "Өскелең...
Полиция қызметкері: "Өскелең ұрпаққа үлгі болу үшін жұмысқа асығамын"
Өмірде күн сайын түрлі оқиға болып жатады. Біреу біреуден үлгі алса, енді біреу өмірі мұндайға бармаспын деп әлдекімнің әрекетінен жерінеді. Бұл материалда он жастағы бала мен полицей қызметкерінің оқиғасын баяндаймыз. Бірі кішкентай жүрегімен өзі үлгі тұтатын жанға құрметін білдірсе, енді бірі ұлық болса кішік болып, қарапайымдық танытқаны көңіл сарайын жарқыратады.
АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Ноа Смайлинг анасы Амандамен бірге кафеден таңғы ас ішуге келеді. Сөйтсе жанындағы үстелде полицей қызметкері тамақтанып отыр екен. Бала анасынан оның тамақтанған есебін төлеп берсем бола ма деп рұқсат алады да, кассаға барады. Кассаның берген чегіне "Мен өскенде сіз секілді болғым келеді. Қызметіңізге рақмет!" деген жазу қалдырады.
Эдди Бенитез атты офицер бала Ноаның бұл әрекетіне әрі таңданып, әрі тамсанып сол сәтте не дерін білмей қалады. Баламен бірге суретке түсіп, ол фотосын Лейкленд қаласының полицей басқармасы парақшасында жариялайды және мынадай мәтін жазады: "Бұл мен үшін зор құрмет. Демек күн сайын таңертең ерте тұрып, формамды киіп жұмысқа асығуым бекер емес екен. Соңымнан ілесіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі болу үшін мен күнде осылай жалғастыра беремін".
@. @assel_assanova