- Негізгі бет
- Әдеп
- Қыз алып қашу...
Қыз алып қашу туралы видео интернет қолданушыларының жағасын ұстатты (видео)
23 шілде күні фейсбук әлеуметтік желісіне жүктелген видео желі қолданушыларының жағасын ұстатты деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Белгісіз бойжеткенді бірнеше адамның күшпен үйге кіргізіп жатқаны бейнеленген видеоны желіге Жанара Ғабдуллина есімді қолданушы салған.
Расталмаған деректер бойынша, бұл Атырау қаласының маңындағы ауылдардың бірінде болған оқиға. Онда қыздың алып қашқан жігітті танымайтынын, өз еркімен келіспегенін айтып жатқанын байқауға болады. Десе де, бірнеше ер адам мен бір топ әйел оны үйде қалдыруға тырысып, үй ішіне күшпен көтеріп кіргізеді. Орта жастағы әйел адам мен басына орамал таққан келіншек "Бұл үйден шықпайсың енді, барлығымыз да осылай келгенбіз. Біз сенен де бұрын келгенбіз. Бұл есіктен енді аттап шығуға болмайды" дейді. Бірақ қыз бар даусымен алып қашқан азаматтардың: Ғабит пен Дарханның атын атап, үйде қалмайтынын айтады.
Видеоролик бір апта ішінде 200-ге жуық рет қайта жарияланып, жүздеген пікір жинаған. Интернет қолданушылары қыз алып қашудың мұндай жабайы түрін сынауда.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желі қолданушылары бұған дейін де "қыз алып қашу" видеоларын қызу талқылап еді. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында зорлықпен адам ұрлау туралы видеосы қоғамдық резонанс туғызды.
Адам ұрлау фактысы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңбұзушы 4-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com
А. Құлтай