Қалдықтар Қазақстан бойынша Алматы мен Астанада ғана өңделеді. Республикада тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Алматыда күніне 1500 тонна қоқыс шығарылады, жылына жарты миллионнан аса қоқыс төгіледі. Мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатыр. Қоршаған ортағазиян келтірмеу үшін әр тұрғынның қоқысты дұрыс тастауды білгені жөн. Кей заттарды коқыс жәшігіне лақтыру қауіпті. Олардың көбі утилизацияны қажет етеді. Мысалы, дәрі-дәрмек, термометр, тырнақ бояуы, дезодорант, батарея, кәріз жүйесін тазалайтын құрал, пестицид пен гербицид, майлы бояулар, металға арналған полироль, еріткіштер, антифриз, мотор майы, трансмиссиялық сұйықтық, түрлі химиялық препарат, бұзылған электроника,люминесцентті шамдар қоршаған ортаға оразан зор қауіп төндіреді. Сонымен қатармедициналық ине тәрізді үшкір заттарды да қоқыс жәшігіне тастауға болмайды. Оларды да арнайы утилизацияға жөнелту қажет немесе көму керек. Қауіпті қалдықтардан қалай құтылуға болады? Автокөлік аккумуляторы қажетіңізге жарамаса, оны автомеханикке немесе автобөлшектер сататын дүкенге апарсаңыз болады. Принтер картриджі де уытты зат. Принтер өндірушілер картриджді әдетте арнайы сөмкесімен бірге шығарады. Утилизациялау үшін сол сөмкені пайдалану керек. Батареяларды басқа қалдықтар тәрізді тастайтын болсаңыз, жерасты сулары ластанады. Батареялар қайта өңделеді, сол себепті оларды жергілікті утилизация орталығына жөнелте аласыз. Қолданылған антифриз механиктердің кәдесіне жарауы мүмкін. Сұйықтықты пластик бөтелкеге құйып берсеңіз болады. Мотор майы да қауіпті зат. Қолданылған майды пластикалық бөтелкелерде немесе басқа контейнерлерде сақтай аласыз. Әдетте оларды автосервис орталықтары қабылдайды. Уайт спирт тәрізді еріткіштер мерзімі өткеннен кейін құрғай бастайды. Егер тежегіш сұйықтығы сияқты еріткіштерді тастау керек болса, қалдықтарды бір реттік алюминий құтыға құйыңыз. Содан кейін оны мысық отырған құммен толтырыңыз. Бұл операцияны үйден тыс жерде орындаңыз. Еріткіш кепкеннен кейін банкіні қоқыс жәшігіне лақтыруға болады.Егер бірнеше еріткіштен арылу керек болса, бәрін араластырмаңыз, улы газ пайда болуы әбден мүмкін. Дереккөз:baribar.kz