Жеке басқа қол сұғуға болмайтын кездер

Жеке басқа қол сұғуға болмайтын кездер

Сіз өзге біреуді түзегіңіз келе ме? Бірақ оның қалай өмір сүргісі келетінін, түбінде оның қандай ғұмыр кешетінін кім біліпті? Ал кейде өзге біреуге тіпті де ақыл-кеңес айтуға болмайтынын білесіз бе?

Біз жақын адамдарымызға қажет кезінде көмекке келе аламыз, ал оны түзеу – біздің қолымыздан келетін іс емес. Ол тығырықтан шығу жолын өзі іздеп табуы керек. Жалғыздықтан я басқа да себептерден ауыр күйзелістерге түсу адамның өзгеруіне себепші болады. Ендеше, қандай кезде қай сөздерді айтпай-ақ қоюыңыз керек?

Адамның жеке басына қол сұғу болып есептелетін сөздер мыналар:

Өзге адамның сезімі:

  • Саған ұнауы тиіс;
  • Сен бұл үшін уайымдамауың керек;
  • Сен мына ісің үшін ұяттан жарылып кете жаздаған шығарсың;
  • Өзіңе сенімді болуың керек;
  • Қорықпа, батыл болуың керек;
  • Жүрегің қалай ауырмайды?!

 

Қалау мен мұқтаждықтар:

  • Не үшін қаламай тұрсың?
  • Өзіңді күштеп жеңуің керек!
  • Мұның саған не қажеті бар?
  • Одан гөрі мынаны сұрағаныңда болатын еді;
  • Сен тым көпті қалайсың/ұйықтайсың/тамақтанасың/демаласың.

 

Амалдар:

  • Сен міндетті түрде мынаны жасауың керек;
  • Міндетті түрде айтуың керек;
  • Ал мынаны ешқашан жасамауың керек;
  • Мен сенің орныңда болсам...
  • Жұрттың бәрі былай ететін еді...

 

Ойлар:

  • Мұны қайдан шығардың?
  • Осындай ақылсыз ойлар қайдан келеді саған?
  • Сені түсінбей-ақ қойдым, қалай ғана осындай ойға барасың?!
  • Бұл өте оңай ғой!
  • Ақымақсың ба?

 

Қарым-қатынас:

  • Сен онымен достасуың керек...
  • Сен неге оған ренжіп жүрсің, ол саған жамандық тілемейді ғой...
  • Сен онымен неге дос боп жүрсің?
  • Ол саған қалайша ұнап қалды?

 

Біз айтып өткен сезім, қалау мен мұқтаждық, ойлар мен істер және қарым-қатынастар адамның жеке басына тиесілі мәселе. Сондықтан да ең бір жақын адамның өзі жақсы ниетте болса да бұл сөздерді айтып, жеке мәселесіне араласуына болмайды. Адамның жеке шаруасына араласу оның дамуына кедергі жасайды. Ақыл-кеңесті тәжірибесімен бөлісіп жатқан адам ғана айтса орынды болмақ. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mndfund.ru

А. Құлтай