- Негізгі бет
- Әдеп
- Жалғыз жағдай: Патшайым...
Жалғыз жағдай: Патшайым ІІ Елизавета неге келініне басын иген
Корольдік хаттамаға сәйкес, британиялық корольдік отбасы мүшелері иерархия бойынша бір-біріне бас иеді. Оған сай, ІІ Елизаветаға барлық туыстары құрметпен тағзым етсе, оның өзі ешкімге иілмеуі керек болатын. Бірақ Британия тарихында бұл ережеден бір мәрте ауытқу болды. Патшайым келініне иілген.
Біз марқұм Диана ханшайым туралы айтып отырмыз: оның жерлеу рәсімінде ІІ Елизавета келінінің табытының алдында басын иді. Бұл көпшіліктің есінде қалған керемет сәт болды.
Тәртіп бойынша, аза тұту рәсімдерінде қайтыс болған туыстарына тағзым ету әдеттен тыс. Патшайым неге мұндай қадамға барды? Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл қимыл Диананың барлық еңбегін құрметтеу мен мойындауды көрсетудің жолы болды. Өйткені ол – болашақ патшаның (ханзада Уильям) анасы және өмірін қайырымдылыққа арнаған жан. Басқа сарапшылар осылайша ІІ Елизавета келініне бас ию өз бағыныштыларының сүйіспеншілігі мен құрметін қайтарғысы келді, олардың көпшілігі леди Ди өліміне Виндзорларды айыптап және оған тым салқын болғаны үшін Патшайымды жақтырмайтындай көрінетін.
Мұндай протокол жүйесі кейде түсініксіз, тіпті ыңғайсыз жағдайлар да тудырады. Мысалы, герцогиня Кэтрин өз балаларына: ханзада Джордж, ханшайым Шарлотта және ханзада Луиге бас июі талап етіледі.
Меган да Опра Уинфриге берген сұхбатын реверанс жасаудың ыңғайсыз тұстары көп екенін атап өтті.
А. Оралқызы