Біздер достығымызды ұлғайту, арттыру үшін, көптеген нәрселерді жасай аламыз. Ең тиімдісі үш ауыз сөз.
Мен қазір келемін…
Егер түн ортасында досыңа телефон шалып, баламды дәрігерге апару керек, немесе машинам жолда бұзылып қалды дегенде, “Мен қазір келемін” деген үш ауыз сөздің адамға қалай әсер ететінін білетін боларсыз. Қиналған адамның жанынан табылып, сүйеу болу, біздің оларға деген сезіміміздің адалдығын көрсетеді. Бұл жағдайда бұл сезіміміз бен достығымыз жаңара, ұлғая түседі. Рухани жанданады. Досыңа қол ұшын беру – ізеттіліктің белгісі.
Мен сені сағындым…
Мүмкін адамдар арасындағы қарым-қатынастар үзілмес пе еді, егер бір-біріне “Мен сені сағындым” дегенді жиі айтатын болса. Бұл үш ауыз сөз адамның қаншалықты қажет, сүйікті, аяулы екенін сезінуге көмектеседі.
Елестетіп көрші, тұрмыстың ауыртпалығынан шаршап, жұмыстың көптігінен еңсең түсіп, жабырқап тұрған сәтте жаныңа жақын адам телефон шалып, “Мен сені сағындым” десе, қандай сезімге бөленер едің?
Мен сені ардақтаймын…
Ардақтау – сезіміңді білдірудің тағы да бір жолы. Құрмет сол адамның сенімен тең екендігін білдіреді. Егер сен балаңмен тең дәрежеде сөйлесетін болсаң, онымен ара қатынасың жақсы және нағыз достардай болатыныңа кәміл сен. Бұл достық қарым-қатынасқа да қатысты.
Сенікі дұрыс болар…
Бұл сөздер үзілгелі тұрған сезімдерді қайта жалғауға көмектеседі. “Сенікі дұрыс болар” деген бір жағынан “менікі дұрыс емес” дегенді меңзейді, бірақ дауласқан сайын ол адам өз көзқарасын нығайта түседі. Ол немесе сен өз дегендеріңнен қайтпасаңдар, оның арты неге соғатыны белгілі, яғни достықтарыңды жоғалтуларың мүмкін. “Сенікі дұрыс болар” деп айту арқылы сен кейінірек осы тақырыпқа қайта оралып, оның және өз көзқарасыңды ой елегінен өткізіп, ақылға салуыңа мүмкіндік аласың.
Өтінемін, кешір мені…
Егер адамдар өз қателіктерін түсініп, бір-бірінен кешірім сұрай білсе, көп қарым-қатынастарды қайта жандандыруға болар ма еді. Көбісі қателік жасап, сәтсіздікке тап болғанда әлсіз болып кетеді. Адамдар ешқашан өз қателіктерін мойындаудан ұялмау керек, бұл оның кешеге қарағанда бүгін ақылдырақ болғанын көрсетеді.
Менің алғысым шексіз…
Ризашылық сезімі – ізеттіліктің биязы түрі. Басқа адаммен достығын бағалайтындар күнделікті ізеттілікті ризашылық деп қабылдамайды. Көрсеткен мейірімі мен шарапаты үшін достарына алғыс айтудан танбайды. Ал достарынан алыстай бастағандар кейде ризашылық сезімін жоғалтып та жатады.
Мен саған сенемін…
Дос дегенің – бәрі сенен теріс айналғанда, сенің жаныңнан табылатын адам. Нағыз достықтың бір бөлігі – адалдық. Ол – адамдарды жақындататын бір күш секілді. Бір жағдайға душар болсаң, жақын досың саған: “Мен саған сенемін” деп, өзіңе деген сеніміңді арттыруға тырысады.
Көмектесуге рұқсат ет…
Ең жақсы дос өзінің досына қажеттілігін сезініп, жанынан табылуға тырысады. Кішкене болса да жабырқағанын көргенде, көңілін көтеру үшін не істеу керегін біледі. Не жағдай болғанын сұрамастан, досына келіп өз көмегін береді.
Мен сені түсінемін…
Өздерін түсініп, қандай болса сол қалпында қабылдайтынын сезсе, адамдар арасындағы сезім оларды жақындатады.
Жақын досыңа оның жанын қалай түсінетініңді сездіре білсең, достықтарың арта түседі.
Сені жақсы көремін…
Бұл өмірдегі айтқан ең маңызды үш ауыз сөзің болар. Шын жүрегіңмен ұнататыныңды білдірсең, оларға терең сезім қажеттілігін, басқалардың бағалайтынын, өздерін қалайтынын сезіндіреді, рахат сезімге бөлейді.
Сенің жанұяң, достарың, сенің өзің де осы бір үш ауыз сөзді естігін келіп тұратыны белгілі.
Сені жақсы көрем!!!
Осы бір сөздердің күштілігі сонша, айтқан кезде, жаңа достарды табуға, арасы суи бастаған ескі достығымызды қайта жандыруға көмектеседі.
Үш ауыз сөз достығымызды арттырады.
Бұл тек достық сезімде емес, сондай-ақ сүйіспеншілік сезімін де ұлғайтады.
Күнделікті өмірде, қажет кезде осы сөздерді қолданып жүр!