Біреумен сөйлескен кезде мына сұрақтар ойыңызда тұрсын...

Біреумен сөйлескен кезде мына сұрақтар ойыңызда тұрсын...

Әр адам біреумен сөйлесіп тұрған кезде мына сұраққа ойланғаны жөн:

- Тым жағымпазданып тұрған жоқпын ба;

- Біреудің жынын келтіретін әдет істеп тұрған жоқпын ба;

- Өзім туралы көп айтып кетпедім бе;

- Мақтанып тұрған жоқпын ба;

- Дауысымды қатты шығарып сөйлеп тұрған жоқпын ба;

- Өзімнің қиын мәселелерімді шектен тыс көп айтып кетпедім бе.

Айналаға зер салып қарасаңыз, мамандығын сүйетін, мәдениетті, бәріне жақсылық тілеп, жылып тұратын, бір сөзбен айтқанда өмірге құштар адамдар сәттілікке жетіп жатады. Бұл адамдармен сөйлесу, араласу, әңгіме-дүкен құру оңай әрі қызықты. 

Сондықтан әдеп пен мәдениеттілік әр қимылыңызда тұруы керек. Тіпті дүкенге бара қалсаңыз, көшеге шығар алдында өз-өзіңізді ретке келтіріп, айнаға бір қарап барып шығыңыз. Көшеде танысыңызды көріп қалған жағдайда: "Қайда барасың?" деп қазбалау орынсыз болмақ. 

Телефонмен сөйлесу кезінде де белгілі бір тәртіпті сақтаңыз. Ал біреуге қоңырау шалған кездегі диалог мынадай болғаны жөн:

- Сәлеметсіз бе? Ерболды телефонға шақыра аласыз ба?

- Ол үйде жоқ. 

- Кешірерсіз, сау болыңыз. 

Сіз бейтаныс адаммен сөйлесіп тұрғанның өзінде, мәдениеттілігіңізді танытып, оған құрмет көрсете біліңіз. Өйткені өзгеге құрмет – бірінші кезекте өзіңе деген құрмет болмақ. 

Дайындаған: Шаттық Қали

Сурет: sharilon.ru

Р. Роза