Этикет – он тоғызыншы ғасырдың еркелігі емес, әр адамның бойында болуы тиіс қасиет.
Этикет негіздері айтарлықтай күрделі дүние емес. Бұл – сөйлеу мәдениеті, сыпайылық, әсемдік және өз эмоцияларын билей білу. Бұның бәрі әйелдерге де, ерлерге де ортақ заңдылық.
Қазіргі заманда білуге тиіс әдептілік ережелерін алдарыңызға ұсынамыз:
Егер сіз біреуді кездесуге немесе бір жерге отырып тамақтануға шақырсаңыз, бұл – отырысты ақшалай өзіңіз көтеретініңізді айтқан есеп. Ал бір жерге отыруға ұсыныс жасасаңыз, әркім өз басына төлейді. Қонаққа алдын ала қоңырау шалусыз бармаңыз. Үй иелерінің қолы бос па, қонақ күтуге көңіл-жайы бар ма – біліп алғаныңыз дұрыс. Қоғамдық орындарда үстелдің үстіне смартфоныңызды қоймаңыз. Бұл сіздің өміріңізде телефоныңыздың рөлі үлкен екенінің белгісі. Қасыңыздағы адамның әңгімесін мұқият тыңдап отыруыңыз керек. Ол сөйлеп отырғанда телефонға үңіліп, Instagram лентасын ақтарып отырсаңыз оның ренжуі мүмкін. Ер адам әйел адамның сөмкесін тасымауы тиіс! Ал әйел адамның пальтосын тек киім шешетін орынға дейін ғана апаруға болатынын біліп жүріңіз. Егер сіздің қасыңыздағы адам сізге бейтаныс кісімен амандасса, сіз де тоқтап, сәлем беруіңіз керек.Жалғасы бар...
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: content.ru