- Негізгі бет
- Әдеп
- Әдептің негізгі қағидалары...
Әдептің негізгі қағидалары
1. Ылғал қолшатырыңызды кеңседе кептірмеңіз.
Жаңбыр астында қолданған қолшатырыңызды арнайы орындарда кептіргеніңіз абзал. Ал, кеңседе, қонақта кептіру адамдарға деген сыйластығыңыз жоқтығынан хабар береді.
2. Ер адамдар әйел сөмкесін көтермейді.
Қанша жерден нәзік болсаңыз да, ер азамтыңызға әйел адамның сөмкесін көтертпеңіз. Бұл ешқандай романтика емес. Керісінше, сырт көзге ерсі көрінеді.
3. Ұйықтар алдындағы киім және халат – үй киімі емес.
Шалбар, жеңіл көйлек пен жейделер – үйге арналған киімдер. Олар ыңғайлы болуы керек, әрі кенеттен келген қонақты күтуге де жарамды болуы шарт. Ал халат болса жуынатын бөлмеден жатын бөлмеге дейін ғана қолданатын киім.
4. Сөмкені тізеге қоюдан аулақ болыңыз.
Кездесулерде, мейрамханада сөмкені тізеңізге қойып, құшақтап отыру сізді әдепсіз адам ретінде көрсетеді. Сөмкеңізді орындық жиегіне іліп қойыңыз, ал ер аадм мінедтті түрде еденге қоюы шарт.
5. Тағатын әшекейіңіздің саны 13-тен аспасын.
Әлемде қалыптасқан әдеп ережесі бойынша әйел адамның таққан әшекей саны 13-тен асса, талғамсыз адам ретінде бағаланады. Сонымен қатар, қымбат әшекейді кешкі уақыт тағуы тиіс. Күндіз гауһар тасты алқа мен алтынға көмкеріліп жүру де –әдепсіздіктің белгісі.
6. Лифтке ең алдымен ер адам кіреді.
Әйел адамға жол беру қалыптасқан әдеп болғанымен, лифтке кірер кезде міндетті түрде алдымен ер адам кіреді. Ал, шығар сәтте кім есікке кім жақын сол шығуы тиіс.
7. Құпия ұстауға тиісті заттарды естен шығармаңыз.
Адамдардан жасырын ұстауға тиісті жеке заттарыңыз болуы шарт: жасыңыз, айлық жалақыңыз, тұрмыстық мәселелер, ауруыңыз, отбасылық өміріңіз, сыйлықтар, жетістігіңіз бен жеңіліс тапқан сәттеріңіз. Ал, бұлар туралы сұрау мүлде дұрыс емес.
8. «Сіз» арқылы сөйлесіңіз.
Тіпті жақын досыңыздың өзіне жұмыс орнында «сіз» деп сөйлескеніңіз абзал.
9. Есікті қағып үйреніңіз.
Біреудің жеке кеңістігіне баса көктеп кіре салған әрекетіңіз үшін кірерге тесік таппай қалып жүрмеңіз.
10. Өз орныңызды іздеймін деп халықтың мазасын алмаңыз.
Кинотеатр, театр секілді қоғамдық орынға кешігіп келіп, орныңызды іздеп әуре болған жағдай болған шығар. Келесі жолы, өз орынңызға барарда отырған адамға қарап өтіңіз, алдынан артыңызды беріп өту ыңғайсыз, әрі әдепсіздік. Дұрысы, кешікпеңіз!
Қандай орта болсын ең алдымен амандасыңыз, әрі кетерде қоштасуды естен шығармаңыз. Әдептілік белгілері бойыңыздан табылса, сізді күліп қарсы алатын адамдар да көбейеді.
Т. Есқали