Адамдардың жұмыстан шығуына 7 себеп

Қазіргі таңда нарықтық заман болғандықтан көптеген адам орналасқан жұмыс орындарынан ерікті түрде өз қалауларымен шығып жатады. Таң қалатыны іс-тәжірбиеден өте отырып, енді қол жеткізген қызметтерінен бір-ақ күнде бас тартып жататындықтары. Әлем бойынша осындай қадамға барушылардың нақты 7 себебі айқындалған. 

Біріншіден, айлық табыстың аз болатындығы. Қаржы жағына келгенде кім де болсын өз еңбек ақысының толыққанды төленгендігін құптайтыны анық. Айлық табыстың аздығы немесе жеке бизнес жоспарын алға тартып жұмыстан шығу туралы арыз осы себеп бойынша көп тасталады. Қазіргі таңда, айлық табысына байланысты көбіне әйел адамдар жұмыстан шығады.

 

Екіншіден, жұмыс орнында өсу не үйрену деңгейінің жоқтығынан. Ер адамдар осы себептен жұмыстан жиі шығады. Яки, болашақта өсу деңгейін сезбегендіктен және өз білгенінен артық біле алмайтынын сезбегендік жұмыстан шығудың осы себебін алға тартады. 

Үшіншіден, жұмыс орнының айтарлықтай мақсаты болмағандықтан. Бірізділік жұмысты күнделікті атқарып, міндеттелген деңгейден артық шаруа атқара алмау, не табысталған жұмысты белгілі бір мақсаттарға сай аяқтай алмау бұл жұмыскерлер үшін әсер етерлік үлкен соққы десек артық айтпағандық. Өсу деңгейін сезіне алмағандықтан жұмыс орнынан мезі болып көптеген жұмыскер өз орындарын босатуға дейін барады. 

Төртіншіден, барлық қызметкердің бірдей жұмыс атқарылуы. Жұмыс барысында барлығы бірдей жұмыс атқарып, бірдей қызмет еткендік әрине жақсы іс. Іс-тәжірибелік деңгейде де, теориялық жақтанда қызметкерлермен тәжірибе алмасу жақсырақ. Бірақ ғалымдардың пайымдауынша мұндай сәттерде адам арасында бәсекелестік туындап, кикілжіңдер жиі болып жатады. 

Бесіншіден, жұмыс берушілеріңіздің іскерлік қызмет атқаруға дайын еместігі. Қызметкерлер қанша жақсы болғанымен қызмет берушілердің алға қойған мақсаттары айқын болмай, келісімсөз жүргізуге даяр болмағандықтан қызметкерлер жиі жұмыс орындарын ауыстырып жатады. 

Алтыншыдан, қызметкерлер өздерін дұрыс бағаламағандықтан жұмыстан кетіп жатады. «Жақсы сөз жан семіртеді» демекші, жұмыс орнында да қолдаулар мен мақтау сөздер еш артықтық етпейді. Мереке кездерінде не жақсы атқарылған жұмыс үшін жылына бір рет болсын сыйақы берілсе бұл қызметкер үшін үлкен мадақ. Еңбектің бағаланғандығы. 

Жетіншіден, жұмыста салғырттық таныту. Берілген жұмысты орынды атқара алмау, берілген тапсырмаларды мерзімінен кеш орындау, қателіктер жіберу, жұмысқа кешігіп келу сынды дүниелердің соңы жұмыс орнын босатумен тәмамдалады. 

Дұрыс мамандық таңдап, жүйелі білім алып, ұтымды жұмыс атқарып, биік белестерді бағындыра бергейсіздер!