- Негізгі бет
- Дедуктивті әдіс
- Дедукция сабақтары (4-дәріс)...
Дедукция сабақтары (4-дәріс)
Темір жол бойында жатқан кісінің денесі тырналған еді. Бұл оның пойыздан сәтсіз секіргенін айғақтайды.
– Мойны үзіліп кетіпті. Меніңше құлаған бойы өлген сияқты. Бұл кім? — деп сұрайды Шерлок Холмс мүрдені арлы-берлі аударып көріп.
– Томми Уорнер, Нью-Йорк рэкетирі. Ол осыдан бірнеше сағат бұрын пойыздан секірген. Чикагодан Лос Анджелеске жүретін пойыз осы жерден күндізгі сағат төртте өткен. Бұл бүгіндікке батыс бағытпен өтетін жалғыз пойыз, — дейді шериф Монахан.
– Сіз неге Уорнердің өзі секіргеніне сенімді болып отырсыз?
– Мұны оның қалтасындағы ақша мен шабадандары дәйектеді.
– Шабадандары?
– Иә, мен оларды сізге көрсетейін, — деп шериф күннің батып бара жатқан жағына қарай меңзейді.
Шамамен 400 метрдей жерде Уорнердің бірінші шабаданы жатқан еді. Оның ішіндегі киімдердің барлығына «ТУ» инициалы тігілген. Бұл Томми Уорнердің жеке заттары екенін айғақтайды.
Тағы 100 метрдей жерде рэкетирдің екінші шабаданы түсіп қалыпты. Оның іші толған ақша екен, Шерифтің айтуынша, шабадан ішіндегі 50 мың АҚШ долларының барлығы 20 долларлық банкноттар екен.
– Мұның бәрі жалған ақшалар. Менің ойымша біреу оның ақшасын тартып алғысы келген. Ал Уорнер ақшаны бергенше, пойыздан секіргенді абзал көрген, — дейді Монахан.
– Ал меніңше, оқиға тура сіз айтқандай болғанына билікті сендіру керек сияқты. Қылмыскер Уорнердің өлі денесін пойыздан лақтыру үшін көп тер төккен көрінеді, — дейді Шерлок Холмс.
Холмс мырза қай дерекке сүйене отырып, Уорнерді пойыздан біреу лақтырып жібергенін анықтайды?
Ж. Өрісбай