– Алло, мистер Шерлок Холмс? Көмектесіңіз! Менің жұбайым өз-өзіне қол жұмсады. Өлер алдында хат жазып қалдырған.
– Қазір, мен бара жатырмын. Қай жерде тұрасыз?
– Беверли-Хилл көшесі, 47-үй. Қайғылы оқиғаның куәсі – мен Сэм Фоссет.
Үш минуттан кейін оқиға болған жерге жеткен Холмс қайтыс болған кісінің күйеуіне сұрақ жаудырды.
Сэм Фоссеттің әйелі Гарвард университетінің түлегі екен. Қазір Калифорниядағы Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, филолог.
– Мен қонақтарға арналған бөлмеде отырған едім. Тапанша оғының дауысы естілді. Эдиттің бөлмесіне жүгіріп келгенімде оның жан тәсілім еткенін көрдім. Ол төрдегі орындықта отырған күйі өмірден озыпты. Ал тапанша оның қасында еденде жатты. Үстелдің үстіне хат қалдырыпты.
Холмс хатты қолына алып, түгел қарап шығады. Хаттың сауатсыз әрі түсініксіздеу жазылғанын байқайды. Пунктуация ережелері де сақталмаған екен.
– Сэмуэл Фоссет, сіз өз жұбайын өлтірді деген күдікпен тұтқындалдыңыз. Енді оқиғаның қалай болғанын өзіңіз айтып беріңіз.
Құрметті оқырман, Шерлок Холмс бұл өзіне өзі қол жұмсау емес қылмыс екенін қалай анықтады? Өз дедукциялық ойыңызды пікір ретінде қалдыруыңызға болады.