Қолыңызда қызықты кітап болса, ұйқысыздықтың өзі пайдалы болуы мүмкін. Ұйқысыз түндерде жаныңызға серік болатын қызықты кітаптар ретін ұсынамыз:
1. «Бейтаныс қыздан келген хат» /«Письмо незнакомки», Стефан Цвейг
Аустралиялық жазушы Стефан Цвейгтің новелласы сізді Вена қаласының қарапайым аудандарында тұратын жігіттің пәтеріне алып келеді. Бір күні ол махаббат хатын алады. Оны жазған әйел екеуінің жолы бірнеше рет соқтығысқан, бірнеше мәрте кездескен. Дегенмен, жігіт ол туралы мүлдем білмеген. Хатта әйел олардың кездескен сәттерін сипаттай отырып, жұмбақтап отырып, бір оқиғаны жеткізеді. Соңында, жігіттің өміріне қатысты құпия мәлім болады.
2. «Әйнектен тұрғызылған қамал» / «Замок из стекла», Джаннетт Уоллс
Бұл кітап аз уақыт ішінде бестселлерге айналып, жас журналист Джаннетт Уоллс Американың атақты авторларының бірі атанады. Бүгінде басты кейіпкерді Дженнифер Лоуренс сомдайтын фильм түсірілуде. Автобиографиялық туындыда автор бала кезі мен ерекше отбасын сипаттайды. Онда баланы тәрбиелеудің адамды таңқалдыратындай тың әдісі суреттеледі.
3. «Сүйкімді қаңқа» / «Милые кости», Элис Сиболд
14 жасар Сьюзи Сэлмонның басынан кешкенін сипаттайтын көркем туынды қанды оқиғаны әдемі сипаттайды. Кітаптың басты кейіпкерін Сьюзи баяндайды. Нақтырақ айтсақ, елесі. Ол туысқандарына қанішердің құйтырқы әрекетін әшкерелеуге көмектеседі.
4. «Дориан Грейдің портреті» / «Портрет Дориана Грея», Оскар Уайльд
«Дориан Грейдің портреті» — сюжеті ерекше классикалық туынды. Атақты суретші жас Дориан Грейдің сұлулығына тәнті болып, оның портретін салады. Суретін көрген ол картинаның қартайып, өзінің мәңгілік жас қалуын тілейді. Шынымен солай болады. Оның күнәлары мен өмір жолы картинаны шіріте бастайды. Ал, өзі сол күйі қалады.
5. «Қыркүйек раушаны» / «Сентябрьские розы», Андре Моруа
Басты кейіпкер Гийом Фонтен жасы келген аға буын өкілі, отбасын құрғанына 20 жыл болған. Дегенмен, жан дүниесі шытырманды қалайды. Алдымен, жас суретшіге, кейін әртіске ғашық болады. Оны өзінің жан дүниесінің жастығымен байланыстырады. Гийом жиіркеніш, жақсы көру, махаббат пен сатқындық сынды сан түрлі сезімдерді оятады.