- Негізгі бет
- Әдебиет
- Үнді жазушысы тұңғыш...
Үнді жазушысы тұңғыш рет халықаралық Букер сыйлығын иеленді
Үнді жазушысмы Гитанджали Шри әдебиет бойынша халықаралық Букер сыйлығын иеленді. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайты хабарлады.
Ол бұл сыйлықты Tomb of Sand ("Құмнан соғылған мола") еңбегі үшін алды. Романдағы оқиғалар Солтүстік Үндістанда өтеді. Басты кейіпкер – күйеуінің қайтыс болуына және қызымен қиын қарым-қатынасына байланысты күйзеліске ұшыраған 80 жастағы кейуана. Кейіпкер Пәкістанға барады, ол жерде ауыр естеліктерімен өмір сүреді, бірақ соңында қуаныштың жаңа есігін ашады.
Кітапты бұған дейін аударма арқылы Букер сыйлығын жеңіп алған Дейзи Роквелл аударған. "Құмнан соғылған мола" хинди тілінен ағылшын тіліне аударылған және осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы роман.
Гитанджали Шри үш романның және бірнеше әңгімелер жинағының авторы. Оның шығармалары ағылшын, француз, неміс, серб және корей тілдеріне аударылған. Шри 1957 жылы Майнпуриде дүниеге келген. Ол қазір Нью-Делиде тұрады.
Айта кетейік, былтыр француз жазушысы Дэвид Диоп "Жан бауырым" (Frère d’âme) романы үшін ағылшын әдебиетіндегі Халықаралық Букер сыйлығын (The 2021 Booker International Prize) жеңіп алды.
Т. Раушанұлы