Тәуелсіз қазақ поэзиясы аудиоантологиясының алтын қоры жасақталмақ

Тәуелсіз қазақ поэзиясы аудиоантологиясының алтын қоры жасақталмақ
Фото: ult.kz

Тәуелсіз Қазақ поэзиясы аудиоантологиясының алтын қоры жасақталады. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз бөлімі хабарлады. 

"Қазақстан Жазушылар одағы мен "МУЗАРТ" дыбыс жазу студиясының арасында келісім жасалғанын хабарлаймыз. Бұл келісім бойынша ақындар "МУЗАРТ" студиясында өз өлеңдерін таспаға түсіре алады. Өлеңдер кәсіби деңгейде өңделіп, жыл соңына дейін жинақталады. Ал, жинақталған шығармалар негізінде Тәуелсіз Қазақ поэзиясы аудиоантологиясының алтын қоры жасақталады" делінген хабарламада.

Жаңа жобаға сәйкес, әр ақыннан 15 өлең таңдап алынып, таспаға жазылмақ. "Тәуелсіз Қазақ поэзиясы аудиоантологиясы алтын қорының дыбыс жазу кестесіне тіркелу үшін 87477034840, 87079349131 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады" дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетсек, Қазақстан Жазушылар одағы мен "МУЗАРТ" дыбыс жазу студиясы алдағы уақытта түрлі жобалар бойынша бірлесе жұмыс жасамақ.

Дереккөз:ult.kz

Т. Раушанұлы