- Негізгі бет
- Әдебиет
- Шығыс ғұламалары: олар...
Шығыс ғұламалары: олар кімдер?
Шығыс ғұламаларының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген жолдары мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Олар: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгерген. Бұл ғұламалардың Шығыстық болуы да заңды. Олардың тумасы мен туып –өскен ортасы осы сол жерге тәуелді болмақ. Әсіресе Шығыс ғұламаларының атауы өркендей бастаған тұсы Ислам дінінің келуі және оның гүлденуімен тығыз байланысты. Шығыс шайырлары мен ғұламаларының дін негізін алға тартап отырып жазған тарихи құнды дүниелері мен еңбектері бүгінгі күнге дейін мұра болып келмек және қалмақ.
Ертеден Орта Азиямен етене байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізбей қоймады. Жеріміздегі біршама түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден мақұл көрмеген. «Көк тәңір» ұғымына жатып алған дала пенделерінің бұл дінге бетін бері бұры қиын еді. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін қалушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл- Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген.
Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей шығыс ғұламаларының қазақ даласында туып осы жерде тыныстауы тек олардың тууы емес, ғылым мен өнер, білімге қосқан үлестерімен де ерекшеленеді. Шығыс ғұламалары жайында көптеген еңбектер мен жұмыстар жазылды, тіпті кітаптар да жарық көрген. Олардың дені даналардың тануға және тағылымға бастайтын еңбектер еді.
Жұмыстың басын Шығыс ғұламаларынан бастауға бастып себеп, біз зерттеуге алған Қожа Ахмет Яссауимен қатар бір ғұмырда еңбек еткен тұлғалар қатары бар. Солардың еңбегінен аз-кем мәлімет бере отырып, Яссауи ілімінің ерекшелігін салыстыра алып шығу. Тұлғалардың бірі – Ахмет Жүгінеки (Игүнеки).
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастаны жарық көрді. Оны 1985 жылы Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрген. Аталмыш дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұрады. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық және дөрекілік сияқты жағымсыз сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.
Оның бүгінгі таңда да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».
Шығыс ғұламасы Ахметтің «Ақиқат сыйы» атты дастанында өнер-білімнің пайдасы туралы, адамгершіліктің қасиеті, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».
Мәселен, Ахмет Жүгінекидің еңбектерінде өз замандастарына және кейінгі ұрпаққа арналған төмендегідей өлең жолдары кездеседі:
Ей досым, жаздым кітап түркішілеп,
Мейлің сөк, мейліңқала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны
Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,
Сан толғап, бірін алдым ел сүйерлік,
Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой.
Бөз арзан шәйі қымбат бір киерлік.
Жас ұрпақ тыңда мені, ұғасың көп:
Атымды дұғаңда айтып шығарсың деп,
Өзіңе сирек сөзді сыйлық еттім,
Маған да тарту етсін дұғасын,- деп дұғаны тарту ету арқылы өткен дүниемен рухани сабақтастықтың және байланыстың сақталатындығын Жүгінеки өз шығармасында дәлелдеп отыр.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Ендігі Араб, парсы тарихинамаларының деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби», яғни "Фарабтық” деген атқа ие болған.
Әл-Фараби ең алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған. Бүкіл тағдыры араб елдерінде өткен. Ислам дінін негіз етіп соның жолында ілім іздеуге жол ашып, өзіне тура жол салған. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны «екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің «Жан туралы трактатын 200 рет қайталай оқыдым», - деп жазып қалдырған.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Әбу Насыр Бағдатқа бармастан бұрын, жолшыбай Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін жетілдіреді. Кейін Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан кейін әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әбу Насырдың Бағдатқа баруының өзінің себептері бар.
Аты әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд: «ІХ-Х ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат аралығындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Бағдат – бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты», - деп жазған. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдат болған.
Осы Шығыс ғұламаларының қатарын әрімен Жүсіп Баласағұн, Қорқыт аңызы да кіріп жалғап кете береді. Бәрі дерлік бір ғасыр ширегіндегі бір мақсатта туған ғұламалар еді.
М. Ақан