- Негізгі бет
- Әдебиет
- Сеулде Абай ескерткіші...
Сеулде Абай ескерткіші ашылады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Ескерткіштің ашылу салтанаты Тоқаевтың 16-17 тамызда Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында өтеді.
Сапар барысында екі ел президенттері арасында келіссөздер жоспарланған.
Сонымен қатар, сапар бағдарламасында Қазақстан Президентінің ірі корей компанияларының басшыларымен және көрнекті саяси қайраткерлермен кездесулері бар. Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бірқатар коммерциялық келісімшарттарға қол қойылады деп жоспарланған.
"16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, биыл 10 тамызда қазақстандықтар ақын, ойшыл, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев құрметіне "Абай күнін" атап өтті.
Жаңа мереке 2020 жылы қазақтың ұлы ақынының туғанына 175 жыл толған кезде бекітілді. 5 тамызда бұл күн мерекелердің ресми тізіміне қосылғанымен, елімізде демалыс күні болып есептелмейді.
А. Оралқызы