- Негізгі бет
- Әдебиет
- Рақымжан Отарбаевтың жасөспірімдерге...
Рақымжан Отарбаевтың жасөспірімдерге оқуға ұсынған 10 жазушысы
Кітаптар бізді байытады. Әрине, рухани байлықтан асқан дәреже жоқ. Бұл үшін мектептегі оқулықтармен шектеліп қалмаған жөн. Қазір кез келген кітапты да, кез келген фильмді де тауып ала қоюға мүмкіндік жетерлік. Сол үшін еңбегі елге сіңген, қазақ қауымын мойындатып үлгерген қаламгерлер мен кинорежиссерлерден ең үздік туындыларды сұрап білдік. Демек, бұл кітаптар мен фильмдерді көрсеңіз жаман болмайсыз…
Рақымжан Отарбаев, жазушы:
– Төлен Әбдіктің «Әкесі» мен «Қыз Бәтіш пен Ерсейіті» жастарға өте қажетті дүние. Қазақ повесінің ішіндегі маңдайалдысы осылар. Сосын Дулат Исабековтың «Дерменесі», «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесі. Тынымбай Нұрмағамбетовтың, Мархабат Байғұтовтың әңгімелері. Несіпбек Дәутаевтың шығармалары. Жүсіпбек Қорғасбековті де міндетті түрде оқу керек. Сосын Айгүл Кемелбаева, Қуандық Түменбай бар. Оралхан Дәуіт деген жігіт бар. Алмаз Мырзахмет пен Лира Қоныс деген қызымыз бар. Серік Сағынтайдың өлеңдері мен әңгімелері өте жақсы. Ойыма түспей тұрғандары бар шығар, жалпы бүгінгі жастарды оқыса зиян болмайды деп ойлаймын.
Әлем әдебиетінен өзім оқыған баяғы Джек Лондон… Бірақ оның шығармалары жасөспірімдерге қиындау. Оқу керек тізімге Гарсиа Маркесті қосам. Жасөспірімдерге Мураками мен Орхан Памукты, Мо Янды оқы демеймін. Олардың табиғаты бөлек. Осындай жазушыларды оқыса жаман болмас еді. Кішкене болса да санаға сәуле түсер еді.
«Ұлан» газеті
А. Оралқызы