"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #23

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #23

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #19

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #20

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #21

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #22

 

 

Кек жолында

5

Дәл Тәкежанның жылқысын шапқан күні Ақшоқыда Абай іні-достарымен Лермонтовтың «Вадим» және «Демон» дастандарын талқылап жатты. Кешке қарай Ақылбай келіп қалды. Бұл кезде Ақылбай бөлек қыстау иесі болатын. Оның отауы Аралтөбе, Миялы деген жақтарда жайғасқан. Ақылбай ішке кірісімен Тәкежанның жылқысына жау шапқанын айтты. Үй іші ду етіп, бәрі Ақылбайға қарап қалды. Абай бұл істі Базаралы істеген соң, Тәкежан мен Жігітек ауылдары арасындағы шөп дауынан екенін түсінді.

Тобықтының жуандары Семейге аттанып бұл дауды ел билері шешуін ояз Казанцевтен сұрап қайтты. Себебі, Базаралыны соттап, каторгаға айдап жіберсе, Тәкежанның сегіз жүз жылқысы соның құнына кетіп қалады деп шошынды. Сөйтіп, қаладағы Тінібектің туысқаны саудагер бай Нұркенің үйіне Тобықты, Керей, Уақ, Сыбаннан ел жуандары мен билер жиналды. Ол жерге Базаралы да Сарбас пен Әбді деген сенімді жігіттерді қасына ертіп барды. Жиналған билердің барлығы Тобықтының жақтастары болып шықты. Аз бөгелмей сұрақ-жауап өткізілді. Тіпті Базаралыға ілескен қырық жігіттің аты-жөнін сұрап еді Базаралы: «Бұны бастаған мен, жауапты да мен аламын», – деп қайырды. Істің соңы Жігітек руындағы түгел ауылдар сегіз жүз жылқыны екі еселеп қайтаратын болып шешілді. Жігітектің Үркімбай, Байдалы, Жабай секілді бай ауылдары қайтымнан аман қалысты. Ал мың алты жүз жылқыны өңшең кедей-кепшік ауылдар қыс бойы жазға шейін төлеп бітті. Сол ауылдар тегіс аш-жалаңаш, жоқ-жітік, жүдеулікке түсіп қалды.

Автор: Жолдас Өрісбаев

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #24

Сурет: kk.wikipedia.org

Ж. Өрісбай