"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #18

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #18

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #14

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #15

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #16

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #17

 

 

Биікте

2

Бүгін Семей қаласында Абайдың Қысатай деген туысқанының пәтерінде ән шашу, жиын болып жатты. Жиналғандар Абай, Қысатай, Шұбар, Көкбай, Ысқақ пен Мағауиялар екен. Кейіннен Мұхаметжан келеді. Шай ішіліп, дастархан жиналғаннан кейін ән жарысы бастала кетеді. Күнде Абайдың сұрауымен айтылып жүрген Топайкөктер шырқалады. Бір сәт Мұхаметжан домбырамен Татьянаның хатын жырлай кетті. Бәрі жаңа әнді есітіп, аң-таң болып қарай қалады. Ән тоқтағаннан кейін, әншілер оны өздеріне көшіре түсті. Бұны Абай шығарғанын біліп, ризалығын білдіре кетті. Сосын бір түн бойы сол ән қайталана берді. Осыдан тойда да, әр түрлі жиында да жырланатын әдетке айналады. Бірде Михайлов әнді Мағауиядан есітіп, төбесі көкке жетеді. Абайға қайта-қайта алғыс айтудан шаршамайды.

3

Бүгін Ақшоқыдағы ауылда қалың думан бар. Абай туысқандары, жас әншілер мен ақындар қауымы жиналған. Абайдың інісі Ысқақ және оның баласы Кәкітай да осында келген. Кәкітай Мағауиямен құрдас. Қазір олар айнымас дос болып алған. Кешкі тамақ ішілгеннен кейін, көрші таныстардың бәрі жиналып, ән шашуға көшеді. Ұйқы кезіне дейін бәрі ән шырқап, өлең оқып жарысады. Соңында ән айтпаған тек Абай мен Әйгерім еді. Ысқақ Әйгерімнен ән айтуын сұрайды. Әйгерім Ерболға ымдап еді, Ербол лезде домбыраны қолына алып, «Татьянаның әнін» сала жөнеледі. Ерекше толқытатын әуен. Домбыраның үніне үйлесе, Әйгерімнің нәзік үні шырқала кетті.Осы кездері Абай мен Әйгерім арасы тек сыйластық еді. Әуенге Әйгерімнің ғашықтық сағынышы да қосылып, аяқтай бергенде көздерінен мөлдір жасы тамшылап,  кетеді. Абай оны құшақтай, жас аққан көздерінен сүйіп тұрып қалады. Осы кез екеуінің ғашықтық сезімдері қайта оянғандай болған еді ...

Осылайша, 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына ең алғаш рет қадам басады.

Эпилог

Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, толқып тарап жатты. Абайдың өлеңдері шешесі Ұлжанның құлағына да шалығып, бір қуантады. Әуендер мүлтіксіз кең Тобықтыға, сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесек пен Қуандыққа, Аягөз, Тарбағатай мен Алтай наймандарына да жетіп жатты. Машандағы Найман ауылында жүрген Тоғжанның құлағына да естіледі. Әнді есіткен сәтте, Тоғжанның жүрегі «Абай» дейтін еді. Қатты күрсініп, жылап күйзеле беретін. Мұхаметжан, Мағаш, Кәкітайлар Ақшоқыға келіп, ел Абай атына қанық болғанын айтады. «Сөзі, өсиеті бөлек Абай деген жақсы шығыпты», - дейді екен. Абай бір төбеге жалғыз өзі шығып, мақтаныш сезімге, әсем армандарға бөленеді. Осы сәт сахарада үлкен шаң көтеріледі. Абайдың қасына тез атта шауып, Сәдуақас (Дәркембай ауылынан, өзі жетім болғандықтан, Абай оны кішкентай бала кезінен қалаға оқуға берген) кеп түседі. Сәдуақас: «Анау шаң! Абай аға! Біздің жатақтың азғантай жылқысына тиген жау. Әкетіп барады», - деп, жігіт жылап жібергендей болады. Абайдың аз алданышы да, қиялы да осы хабардан кейін сөне берді.

Екінші кітаптың соңы

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #19

Автор: Жолдас Өрісбаев

Сурет: kk.wikipedia.org

Ж. Өрісбай