- Негізгі бет
- Әдебиет
- Президент өзі оқып...
Президент өзі оқып жатқан кітап тізімін бөлісті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында қазіргі уақытта оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және осы әдебиеттерді оқуға кеңес беремін», - деді Президент.
Г. Берік