Поэзия падишасы Марина Цветаеваның сөзіне жазылған әндер

Марина Цветаева 1892 жылы 26 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Әкесі Иван Владимирович Мәскеу университетінің профессоры, танымал филолог және өнертанушы; кейіннен Румянцев мұражайынның директоры әрі көркемөнер мұражайының негізін қалаушы болған. Марина ең алғашқы өлеңдерін алты жасар кезінде тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар, француз, неміс тілдерінде де жаза бастаған. 1910 жылы өзінің жеке қаражатына алғашқы «Вечерний альбом» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарған. Оның шығармашылығына мәскеулік символистер әсер етсе, ерте өлең жаза бастауына Николай Некрасов, Валерий Брюсов пен Максимилиан Волошиндер ерекше ықпал еткен. «Бір жұтым ауа, қызыл күн» , «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген.

Ақынды жатқа оқитындардың көп екені тансық дүние емес. Сонымен қоса, талай сазгер оның сөздеріне ән жазып, қасиетті сөз бен құдіретті музыканың үйлесімділігі өнерсүйер қауымның жүрегінен орын алды. Сіздердің назарларыңызға бейнероликтерді ұсынбас бұрын, көпшіліктің сүйікті ақынына айналған Цветаеваның Гүлнәр Салықбай аудармасындағы бір өлеңінен бастауды жөн көрдік.  

Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды,
Жан дертімді емдемегеніңіз ұнайды.
Тартылыстың таңғажайып заңына
Бойұсынып,
көнбегеніміз ұнайды.
Тіл беземей,
Күнәдан пәк балаша
Қызық,
әрі бұзық болған ұнайды.
Һәм қызармау –
Қолдарымыз жанасса,
Жасыра алмай жалын атқан сыңайды.
Тағы ұнайды
Мені балап мүсінге,
Аймаласа басқа жанды шын еріп.
Сол адам мен болмағаным үшін де
Қинамаңыз
тозақ отын жіберіп:
Кеткеніңіз үшін мені ұмытып,
Аққанымыз үшін бөлек арнамен.
Екеумізге,
жан-жүйені жылытып,
Шырқалмаса құдай жайлы мәңгі әуен.
Ризамын өзіңізге өлгенше:
Сүйгеніңіз үшін мені,
білместен.
Күндер үшін –
Асықпаған көргенше,
Түндер үшін –
Тыныштықпен тілдескен.
Айлы түнді ағарып,
кезбегеніміз үшін де,
Ортақ өмір шуағын сезбегеніміз үшін де –
Жарық күнді мен демегеніңіз үшін де,
Жан дертімді емдемегеніңіз үшін де!
3 наурыз, 1915ж.

Эдита Пьеха - Горечь

Ирина Мазуркевич - Романс Настеньки (Серые шинели)

Ирина Богачёва Диалог Гамлета с совестью

Валентина Пономарева - Под лаской плюшевого пледа

Алла Пугачева - У зеркала (Благославляю вас...)

Тамара Гвердцители - Молитва

Ленинград - Приметы