- Негізгі бет
- Әдебиет
- Орыс әдебиетінің классигі...
Орыс әдебиетінің классигі Гоголь шебер қолөнерші болған
Прозаик, драматург, ақын, сыншы, публицист, орыс әдебиетінің классиктерінің бірі Николай Васильевич Гоголь бойына біткен осыншама дарынмен қоса, қарапайым тұрмыстық дүниелерге де шебер болған деседі. Мысалы, ол кесте тоқудан алдына жан салмайтын. Киімінің сөгілген жерін өзі-ақ тігіп алатын. Достары оның таң атпастан шарф тоқып отырғанын талай көрген екен.
Классиктің заманында бір ортаның адамдары бірлесіп шағын отырыс ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Сондай жиындарда Николай Васильевич дайындаған орыс ұлттық тағамдары қонақтардың көңілінен шығып, солардың дәмін тату үшін ғана келетін қомағайлар да болыпты-мыс.
Сондай-ақ, Гоголь ешкі сүтін ерекше рецепт бойынша қайнататын. Ром қосылған ешкі сүтінен жасалған быламықты жазушы Гоголь-моголь деп ат қойып алған. Бұл туралы прозаик күліп: «Гоголь гоголь-могольді жақсы көреді!» - дейтін.
Кейбір достары оның нағыз шәйқұмар болғанын айтып еске алады. Ол самаурынын үстел басына қойса, ол жерден жарты күн өтпей ешкім кете алмайтын.
А. Оралқызы