Басқалардан ерек болғыңыз келе ме? Онда кітап оқуды бастаңыз. Барлығымыз білеміз, оқу деген күшті, пайдалы, бірақ санаулы ғана қолға кітап алып оқиды. Бұл тізімде кітаптан бөлек дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, тілдер оқу және т.б. секілді істегіміз келетін әрекеттер бар, бірақ әрекетке бармаймыз. Адамдардың басым бөлігі білім алып, ақылдырақ болғысы келмейтіндей көрінеді. Әрине қазір сауығудың жолы оңай. Facebook, компьютерлік ойындар, теледидар – бәрі сондай жақын. Бұған қарсы тұру өте қиын. Бірақ бұған қарсы тұру керек. Оқу орнынан шыққаннан кейін оқу адам өмірінен тысқары қалатыны қалыптасқан жағдайға айналды. Қандай мәселеге жолықсаң да, ол жайында сенен де ақылды біреу мақала, әлде кітап жазып кеткен. Кітапты оқу уақыт пен қуатты үнемдеуге мүмкіншілік береді. Мәселені оңай шешуге жол ашады, тек кітап оқып бастау керек.
Адам жасауы мүмкін ең жақсы инвестиция – ол кітап. Мысалы, кітап жазу үшін жазушы, не ғалым сол мәселе туралы жазу үшін 100 сағат уақыт жұмсады. Ол Сіз үшін не білдіреді? Өзіңіздің 100 сағаттыңызды үнемдеу дегенмен парапар. Дональд Трамп, Уоррен Баффет, Дейл Карнеги және басқа да танымалдардың кітаптарын оқып қанша уақыт үнемдеуге болады? Өзіңіз ойлап көріңіз. Осы мәселе бойынша жасалған зерттеулер қорытындылары бойынша кітап оқуышларда:
Сөздік қор көбейеді; Әртүрлі сала бойынша креативті ойлау дамиды; Стресс деңгейі төмендейді; Вербальды қабілеттер артады.Сонымен қатар, әдеби шығармаларды оқи отырып, көптеген өмірді «сүріп» көруге болады. Уоррен Баффетке ақылды болу үшін не істеу керек дегенге, Баффет: «Күніне 500 бет кітап оқу керек»-деген. Оны көбіміз түсінеміз, бірақ іске асыруда қиналып қаламыз. Бірақ кейбір адамдар еріктерін мықты болып, кітап оқуды әдетке айналдырады. Мысалы, Марк Кьюбан, америкалық танымал миллиардер, өзінің алғашқы бизнесін бастаған кезде кітап дүкенінде барлық кітаптарды оқып шыққан. Жұмсалған $20 сенін алдыда ашатын мүмкіншіліктер үшін өте аз ақша. Бұл өмірде барлық адамдарға ақпарат қол жетімді, бірақ барлығы оны пайдалана бермейді. Шындығында, адамдар айына бірнеше сағат ғана оқиды. Күніне тұрақты түрде 50-100 бет оқып бастау аса қиын емес. Басқа адамдар оқитыннан көп оқуға тырысу керек. Жаңа көп ақпаратты біліп, оны пайдалана білу керек. Алынған білімді шынайы өмірде пайдалана білуді үйрену де кітаптарда жазылады. Бастысы алдыға мақсат қойып, көп оқу керек. Сонда сіз өмірдің сан қырлы қырларын көре аласыз.