Нобель сыйлығының иегері Боб Дилан дәріс оқыды

Нобель сыйлығының иегері Боб Дилан дәріс оқыды
Фото: GetBg.net

Нобель қоры Боб Дилан оқыған дәріспен бөлісті. 27 минутқа созылған дәрісте музыкант шабыт туралы сөз қозғап, өзі ұнататын әртістер мен кітаптар туралы әңгімелейді.

Дилан былтыр әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген еді. Оның осындай құрметке қол жеткізген алғашқы музыкант ретінде аты тарихта қалады.

Ерекше поэтикалық тілімен қоса, өзіндік философияға қанық  әндері үшін берілген марапатқа қатысты көптеген пікірталас болғаны анық. Ерекше жағдай. Күрделі шешім. Америкалық автор-орындаушы, ақын, суретші, киноактер Боб Диланның әлем әдебиетіндегі үлесіне күмән келтіретіндер де болды. Ал, әлемдік музыканы тыңдауға әуес, әсіресе, рок бағытын жаны сүйетіндер бұл пікірге қарсы болғаны анық. Өйткені, жарты ғасыр бойы барша белгілі рок топтардың ең танымал әндерін осы Боб Дилан жазып келеді. 

Бір өкініштісі шара кезінде сыйлықты музыканттың өзі алған жоқ, Патти Смит алып, қуаныш иесінің хатын барша жұртқа оқып берді.

Кейін белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, Боб Дилан мұндай мәртебеге қол жеткізгеніне соңғы секундтарға дейін сенбеген көрінеді.


А. Оралқызы