Әдебиет бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығы Танзаниялық жазушы Абдулразак Гурнаға "отаршылдықтың салдары мен босқындардың тағдырын мәдениет пен құрлық арасындағы тұңғиықта ымырасыз және жанашырлықпен бейнелегені" үшін берілді. 73 жастағы жазушы сыйлық ретінде 10 миллион швед кронын (шамамен 1 140 000 доллар) алды.
"Оның романдарында стереотиптік сипаттама жоқ және олар бізге кқпшілікке белгісіз Шығыс Африканы ашты", - делінген комитет хабарламасында.
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды
Абдулразак Гурна кім?
Гурна – 1948 жылы Занзибарда, Шығыс Африка жағалауында дүниеге келген. Ол бастауыш білімін ағылшын мектептерінде алады. Бала кезінен Құран курсында оқып, араб тілін үйренді.
Гурнаның ана тілі - суахили. Жас кезінде ол Занзибар көтерілісінің (1964) және социалистік режимі орнатқан зорлық-зомбылық жылдарының куәсі болды. 1968 жылы Англияға келді. Ол жоғары білімді Кент университетінде алды. Жазушы докторлық диссертациясында (1982) Шығыс Африка, Кариб теңізі мен Үндістан әдебиетіндегі отаршылдық тақырыбын талдайды және постколониалдық әдебиетті зерттейді.
Алғашқы – Memory of Departur ("Кету туралы естелік", 1987) романында ол Африка елінде жастық шағында елден кеткен Хасан бейнесін колониядан кейінгі тұлғалық проблемалар тұрғысынан бейнелейді.
Екінші романында Pilgrim’s Way ("Кезбелер жолы", 1988), Англияға жақсы өмір сүруге үміттеніп келген Танзаниялық Дэвид иммигранттармен қарым -қатынасының нәтижесінде паранойяны бастан кешіреді және оны жоюдың жолын іздейді.
Тағы бір Dottie ("Дотти",1990) романында да осы мәселені көтереді.
Paradise ("Жұмақ", 1994) туындысында Гурна құранда айтылатын Жақыптың ұлы Жүсіптің тарихын 1900-1914 жылдар аралығында Шығыс Африканың бейнесінде ыңғалап жазады.
Автор Африкадағы құлдық, тарихты бұрмалау және исламофобия сияқты колониялық сөйлеу стереотиптерін талқыласа, Жүсіптің әңгімесі бір жағынан деспотизм, екінші жағынан отаршылдықты сынау сияқты қос функцияға қызмет етеді.
By the Sea ("Теңіз жағасында", 2001) романында империялық білім мен Африканың жергілікті әдет -ғұрпы арасындағы парадокстарға сүйенеді.
Admiring Silence ("Тыныштықты сүю", 2018) шығармасында Ұлыбританияда үйленгеннен кейін өз Отанын тастап мұғалімдік қызметке кеткен Занзибарлық диссидент туралы баяндайды.
Романдардан басқа, Абдулразак Гурна Сальмон Рушди, Энтони Берджес, Джозеф Конрад, Видихадар Сураджпрасад Найпол, Зое Викомб сияқты авторлар туралы жазылған бірқатар әдеби-сындық шығармалардың авторы.
Нобель сыйлығын ала алмаған атақты адамдар #1
Өткен жылы не болды?
Швед академиясының мүшелері әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын 2020 жылы американдық ақын Луиза Глюкке берді. Мәлімдемеде Глюкке сыйлық "тамаша поэтикалық дауысы" үшін берілгені айтылды. Ол Нобель тарихында әдебиет саласы бойынша Нобель алған 15-әйел атанды.
Нобель сыйлығын қанша әйел қаламгер алған?
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы 1901-2021 жылдар аралығында барлығы 114 рет 118 авторға берілді. Бұл сыйлық 4 рет екі автор арасында бөлінді. 2006 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған Орхан Памук –түрік әлемінде Нобель сыйлығын алған алғашқы жазушы.