1901 жылдан 2020 жылға дейін Нобель сыйлығы әдебиет бойынша 113 рет берілді. Оның 15-і әйел болған. Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығы АҚШ ақыны Луиза Глюкке берілді. Швеция академиясы оның "өмірді өзінің әдемілігімен әмбебап ететін поэтикалық дауысын" жоғары бағалады.
Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол америка өнер және әдебиет академиясының мүшесі және шығармашылығы үшін АҚШ пен әлемде бірнеше жоғары марапаттарға ие болған. Оның ішінде "Америкалық поэзия академиясы" сыйлығы (1968), "Ұлттық сыншылар қоғамы кітап" сыйлығы (1985), "Пулитцер" сыйлығы (1993), "Боллинген" сыйлығы (2001) бар. Ол 2003-2004 жылдары АҚШ-тың ақыны атанған.
Әдебиет бойынша Нобель лауреаты атанған әйелдер тізімі:
1. 1909 жыл – Сельма Лагерлёф (1858—1940)
2. 1926 жыл – Грация Деледда (1871—1936)
3. 1928 жыл – Сигрид Унсет (1882—1949)
4. 1938 жыл – Перл Бак (1892—1973)
5. 1945 жыл – Габриела Мистраль (1889—1957)
6. 1966 жыл – Нелли Закс (1891—1970)
7. 1991жыл –Надин Гордимер (1923—2014)
8. 1993 жыл – Тони Моррисон (1931-2019)
9. 1996 жыл – Вислава Шимборская (1923—2012)
10. 2004 жыл – Эльфрида Елинек (1946 ж)
11. 2007 жыл – Дорис Лессинг (1919—2013)
12. 2009 жыл – Герта Мюллер (1953 ж)
13. 2013 жыл – Элис Манро (1931ж)
14 . 2015 жыл – Светлана Алексиевич (1948 ж)
15. 2020 жыл – Луиза Глюк (1943ж)
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына әлі ешкім бірнеше рет лауреат атанған емес. Сыйлықты ең көп алушылар франциялық жазушылар. Бірақ лауреаттардың көпшілігі (29-ы) өз шығармаларын ағылшын тілінде жазған. Сонымен қатар, Нобель сыйлығының лауреаттарының шығармалары жазылған үздік тілдер қатарында – француз (15), неміс (14), испан (11), швед (7), итальян (6), орыс (6), поляк (5) және басқалар бар.
Марапаттау кезінде Нобель сыйлығының лауреаттарының орташа жасы 65 жас болған. Ең жасы Редьярд Киплинг, ол 1907 жылы 41 жасында Нобельге лауреаты атанды. Ең қарт лауреат – 88 жастағы ағылшын жазушысы Дорис Лессинг (2007).
Жеті рет Нобель комитеті мен Швеция академиясы бұл сыйлыққа лайық үміткер жоқ деген шешім шығарған. Бұл жағдайлардың көпшілігі Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысқа (1914, 1918, 1940-1943 жылдары) тұспа-тұс келеді. Тек 1935 жылы ғана шынында да Швед академиктері сыйлыққа лайық қаламгер таппаған екен.
Нобель сыйлығы әдебиет категориясы бойынша бірнеше шығармашылық иесіне бөліп берілген жағдайлар бар. Мұндай жағдай Нобель тарихында төрт рет болды. Бірінші рет сыйлық 1904 жылы француз ақыны Фредерик Мистраль мен испан драматургы Хосе Эчегарай-и-Эйсагирреге табысталды. Бұдан бөлек 1917 жылы Даниялық Хенрик Понтоппидан мен ақын Карл Гьеллеруп, 1966 жылы Швецияға Германиядан қоныс аударған израильдік Шмуэль Йосеф Агнон мен Нелли Закс, ал 1974 жылы швед Харри Мартинсон мен Эйвинд Юнсон Нобельді өзара бөліп алған.