Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы берілді, содан бері әлемдегі ең беделді марапаттардың біріне айналды. Бірақ жанжалдар мен даулы оқиғалар бұл сыйлықты да айналып өтпеді. Оның тарихында күмәнді жеңімпаздар мен саясаттың тигізген әсері болды.
Нобель сыйлығын ала алмаған атақты адамдар #1
Соның ішінде ең алдымен тілге алатынымыз марапаттың орыс жазушысы Толстойға берлімеуі. 1901 жылы әдебиет саласындағы алғашқы Нобель сыйлығын француз ақыны Арман Сюлли-Прюдом алды. Бұл 1901 жылы, әлі әлемде шығармалары ең көп оқылатын жазушы Лев Николаевич Толстойдың атағы дүрілдеп, өнімді еңбек етіп жүрген уақытта болған еді. Кейбір деректер орыс жазушысының бұл сыйлықты 1901 жылы алуға үмітті болғанын, ал 1906 жылы тағы ұсынылғанда үзілді-кесілді бас тартқанын айтады. Сол сияқты Нобель сыйлығынан өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде бас тартқандар да болды. Мысалы, Жан-Поль Сартр одан өзі бас тартса, Пастернакты бас тартуға мәжбүр етті.
Нобель сыйлығы қалай пайда болды?
Бай адамдар ғалымдар мен жазушылардың жетістіктеріне әрқашан ләззат алған, сондықтан жаңалықтарды ынталандыру үшін олардың әлемді дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықтар беру туралы шешім қабылданды. Альфред Нобель (динамитті ойлап тапқан) сондай бай адамдардың бірі болатын. Адамзаттың дамуына зор үлес қосқан данышпандарға арналған қор құру туралы өсиет жазды. Осыған сәйкес 1900 жылы 29 маусымда 31 миллион крон сомасында Нобель қоры құрылды. Сыйлық жыл сайын физика, химия, физиология, медицина, әдебиет және бейбітшілік саласындағы жетістіктері үшін беріледі.
Нобельді 2022 жылы алған атақты адамдар
Лев Толстой - «Ақша тек бақытсыздық әкеледі»
Ұлы жазушы сыйлықтың бірінші жылында ұсынылуы мүмкін еді. Алайда 1901 жылы Швеция академиясының хатшысы Карл Вирсен Толстойдың көзқарасы мен оның «қарабайыр өмір салтын» сынап, оның кандидатурасын «қиып тастайды». Рас, бұл мәселеде басқаша пікірде болған шведтер көп болды: жазушылардың ғылыми қауымы шу көтерді, содан кейін Лев Николаевич 1902-1905 жылдары қатарынан 4 рет сыйлыққа ұсынылды.
Ол тағы да «қандай да бір жанармай сатушы (Нобель мұнай саласындағы бизнесімен де танылған кәсіпкер) сыйлық тағайындайды да, оны басқалар алады» деп мысқылдаған-мыс. Бұл туралы толығрақ мына жерден оқи аласыздар.
Нобель айналасындағы даулы оқиғалар
Толстой марапат төңірегіндегі осыншама әбігер ұнамады. 1906 жылдың күзіндегі кезекті марапат қарсаңында ол фин жазушысы Ярнефельден шведтерге өзіне берілуі мүмкін марапаттан бас тартатынын жеткізуді өтінді. Толстойдың пікірін ескерген комитет сол жылы итальяндық әдебиет сыншысы Кардуччиге 150 000 швед коронасын табыстады. Бұл туралы Лев Николаевич «ақша тек бақытсыздықты әкеледі» деп жазды.
Герхард Домагк – Гитлер бас тартқызды
1935 жылы Нобель комитеті нацизмнің қылмыстық беделіне нұқсан келтіріп, Германиядағы нацистік режимді ашық сынаған Карл фон Осецкийге Бейбітшілік сыйлығын берді. Бұған жауап ретінде Германия үкіметі өз ғалымдары мен өнер адамдарына Нобель сыйлығын алуға ресми түрде тыйым салды. Тоталитарлық машинаға қарсы тұру қиын болды, сондықтан сол кездегі неміс лауреаттары марапаттардан бас тартуға мәжбүр болды.
1939 жылы қауіпті паразиттермен күресуге көмектесетін пронтозил препаратының бактерияға қарсы қасиеттері туралы революциялық зерттеулер жүргізген неміс бактериологы, физиология және медицина саласындағы лауреаты Герхард Домагк қатты зардап шекті. Нацистік режимнің қысымымен ол марапаттан бас тартуға, тіпті бір апта түрмеде отыруға мәжбүр болды. Герхард өзінің лайықты сыйлығын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алды, бірақ мерзімінің аяқталуына байланысты оған ақша берілмеді.
Ле Дык Тхо – сыйлықты емес тыныштықты таңдады
1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында планетада көпшілікті алаңдатқан Вьетнам соғысы болды (кем дегенде 1 миллионнан астам адам қаза тапты), бұл кезде қырғи-қабақ соғыста – АҚШ Оңтүстік Вьетнамды, ал КСРО мен Қытайды солтүстікті қолдады. 1968 жылы АҚШ президенті қызметіне кіріскен Ричард Никсон америкалық сарбаздарды шығарып, соғысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Америкалықтар келіссөз үстеліне отыруды ұйғарды және 1973 жылы Парижде бітімгершілік келісімге қол қойылды. Дәл осы келісім АҚШ-тың Вьетнам соғысына қатысуын тоқтатты.
Сол жылы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Киссинджер мен вьетнамдық дипломат Ле Дык Хо «жанжалды шешудегі бірлескен әрекеті үшін» Нобель сыйлығын алды. Дик көп ұзамай Парижде қол қойылған шарт соғысты аяқтамағанын айтып, марапаттан бас тартты. Өйткені Оңтүстік Вьетнамның американшыл режимі әлі де солтүстікке қарсы соғысып жатты. Ақырында, 1975 жылы Вьетнам Республикалық күштері жеңіске жетті. Ле Дик Хо үшін Нобель сыйлығынан гөрі туған жеріндегі тыныштық маңыздырақ болып шықты.
Жан-Поль Сартр өзі бас тартты
Француз философы Жан-Поль-Сартр ешқашан, ешқандай жағдайда да ресми сыйлық алған емес. Ол 1964 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығынан бас тартты. Солшыл көзқарастардың жақтаушысы, егер ол марапат алса, оң көзқарастағылармен қатарласамын деп есептеді. Бұған қоса, ол сыйлықтың «буржуазиялық» екеніне де ұялды. Ол журналистерге берген мәлімдемесінде: "Швед академиясының мотивациясы бостандыққа қатысты: бұл сөздің көптеген түсіндірмелері бар. Батыста бұл тек жалпы бостандық деп түсініледі. Мен болсам, еркіндікті нақтырақ түсінемін. Меніңше, сыйлықтан бас тарту оны қабылдаудан гөрі қауіпті емес сияқты деді.
Мәжбүрлі түрде бас тартқан ақын Пастернак
1955 жылы орыс ақыны Борис Пастернак “Доктор Живаго” романын жазып бітіреді. Кеңес цензурасынан алғаш өткен шығарма баспаға әзір болады, бірақ кейіннен бұл туындыны Совет идеясына қарсы шығарма деп басылуға тыйым салады. Осы уақытта "Доктор Живаго" қолжазба түрінде Еуропаға өтіп кетеді. Алғаш рет 1958 жылы италян тілінде шығады. Сол жылы-ақ Нобель сыйлығына ие болады. Бірақ, Пастернак бұл сыйлықты барып ала алмайды. Оны сыйлықтан үкімет адамдары мәжбүрлі түрде бас тартқызады. Ақынды отанын сатқан опасыз деп айыптайды. Қудалауға ұшыраған Пастернактың өмірі аш-жалаңаш күйінде қайғылы аяқталады.
Борис Леонидович Академияға хат жолдаған хатында: «Маған берілген марапаттың мен тиесілі қоғамда алған маңызына байланысты одан бас тартуым керек, өз еркімен бас тартуымды қорлау деп қабылдамаңыздар» дейді. Тек 31 жылдан кейін Стокгольмдегі Нобельді оның ұлы Евгений Пастернак алды.