Ницшенің "Мені өлтірмейтін барлық нәрсе, мені мықты етеді" сөзінің дұрыстығын ғалымдар арнайы тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Ол үшін зерттеушілер 90-жылдары Ұлттық денсаулық сақтау институтына грант алуға өтініш берген жас ғалымдардың болашағына қызығушылық танытқан. Нақтырақ айтсақ, сол уақытта ең көп балл жинаған мамандарға ғана гранттар тағайындалған-ды.
Зерттеушілер жас ғалымдарды екі топқа бөлген: біріншісі - өту баллын жинап грант алғандар, екіншісі – грантқа аз ғана баллы жетпей қалғандар.
Содан кейін олардың гранттық өтінімнен кейінгі жарияланған ғылыми еңбектері тексерілген. Грантсыз қалған ғалымдар бес жылға дейін, грант ұтып алған әріптестеріне қарағанда аз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Бірақ соңғы уақыттарда олардың ғылыми жұмыстары мен жетістіктері грант ұтып алған ғалымдарға қарағанда әлдеқайда көбейген.
Қорытынды нәтиже: нағыз данышпандар мен мақсат жолында ештеңеден тайынбайтындарға сәтсіздік сәттілік алып келеді екен. Демек, ұлы Ницше дұрыс айтқан: "Мені өлтірмейтін барлық нәрсе мені мықты етеді".