Алкогольді сусындарда шабыт іздеген ұлы тұлғалар аз емес. Әсіресе, сөз шеберлері оларға тым әуес еді. Шарап, сыра, абсент, арақ, текила, ром сынды «тірі суды» қаламгерлер тек ішіп қана қоймай, шығармаларына да арқау қылған, бастары қосылған жерде рецепттерімен алмасатын. Қазір богемаға тұрақ болған сол пабтар мен кафелер әдебиетсүйер қауым үшін мұражайларға айналған. Біз мақалада есімі мен шығармашылығы жақсы таныс жазушылардың сүйікті сусындары туралы әңгімелемекпіз.
Эрнест Хемингуэй
Сусын: Мохито
Хэм әкейдәі өмірі қиын әрі шытырман оқиғаға толы болғаны жасырын емес. Коррида, соғыс, Африка, Париж бен ішімдікке салыну сынды құбылыстар оның күрделі тағдырының бір бөлігі ғана. Ол алкогольді сусынның барлығына әуес еді. Бірақ мохитоға деген көңілі ерек болатын. Тіпті оның авторлық рецептілері де бар.
Джек Керуак
Сусын: Маргарита
Әдебиет тарихындағы ең сымбатты жазушылардың бірі Джек Керуактың бит-буынның көрнекті өкілі ретінде ішімдікке берілмеуге еш құқығы жоқ еді. Сол кезеңнің жастары таланттарын ащы сусынмен тығыз байланыстырды. Джектің алкогольге әуес болғаны сонша, ол 47 жасында бауыр циррозынан қайтыс болды. Оның сүйікті сусыны қарапайым Маргарита болатын. Сол музасы түбіне жетті.
Оскар Уайлд
Сусын: Абсент
Ағылшын әдебиетінің данышпаны ерекше білімді және талғампаз болды, бірақ бұл оның ішімдікті жақсы көруіне кедергі болмады. Абсент ішуді жаңадан бастағандарға арналған сусын емес, ол күшті болатын. Шебердің оны ұнатуынан оның қаншалықты маскүнем болғанын аңғаруға болады.
Эдгар Аллан По
Сусын: Эгг-ног
По шығармалары мистикаға толы атмосферасымен ерекшеленеді. Әсіресе ол Рождествоға өте жақсы келеді. Сондықтан жазушының өзі маусымдық сусындарды, мысалы, Рождестволық эгг-ногты жақсы көретін. Десе де По мас болу оған үлкен рахат әкелмейтінін мойындайтын.
Фрэнсис Скотт Фицджеральд
Сусын: Джин-Рики
Хемингуэйдің досы да ішімдік ішкенді, қыдырғанды ұнататын. Әйелі Зельда екеуі джин негізінде жасалған коктейльдерге құмар еді. Алкогольге тойып алып, кафелерді бастарына көшіріп, бар Парижді ауыздарына қарататын.
Уильям Фолкнер
Сусын: Жалбыз джулепі
Фолкнер классикалық сусындарды жақсы көрді. Оның сүйікті джулепі бурбон негізінде жасалатын. Оның рецептісі жазушының Миссисипидегі мұражайында өз қолымен жазған күйінде тұр.