- Негізгі бет
- Әдебиет
- Мұхтар Шахановтың әйел...
Мұхтар Шахановтың әйел туралы айтқан ойы
Жастау кезімде бір қыздың күнделігінен мынадай жазуды оқығаным бар: "Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, күнәның бір шеті өзіңде екенін ұмытпа!".
Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлау білу бар да, сыйлата білу бар. Кейде әйелдер тарапынан мынадай өкпе жиі айтылады: "Мен оны жанымдай сүйем. Неге ол маған сол сезімімнің деңгейінде жауап қайырмайды?". Әйел болып жаратылдың екен — сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Еркек қауымы қашанда әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды. Сондықтан да әйел болып сұлу болмауға хақың жоқ. Сенің жүргенің, тұрғаның, күлгенің, әзілдегенің, ойланғаның, қуанғаның, мұңайғаның, қайғырғаның, киім киісің, елмен қарым-қатынасың, тіпті шектен шыға ашуланғаныңның өзінде әйелдік мәдениетке тамыр жіберген сұлулық, нәзіктік жатуы шарт. Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет.
Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын, түрлі әшекейін тағынып, қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрған ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба?
М. Ақан