Мереке үстінде шабыты келген жазушы туындысын көйлегіне жазғаны туралы хабарлады. Бұл өздеріңізге есімі жақсы таныс потериана авторы – Джоан Роулинг. Шамамен бір жыл бұрын орын алған оқиға туралы ең бай жазушылардың бірі CNN телеарнасына берген сұхбатында жария етті.
Бұл туралы Джоан Роулинг: "Былтыр мен 50 жасқа толған мерейтойымды Хэллоуин мерекесімен бірге атап өткен болатынмын (бірақ Хэллоуин менің нақты туған күніме сәйкес келмейді). Әдетте аталған мерекеге адамдар арнайы жаңажылдық костюмдердей қызықты әрі ерекше киімдер тіктіреді. Мен болсам «Жоғалған қолжазба» костюмін киюді жөн көрдім. Қолжазба болғандықтан, көйлекке жазба жазу керек болды. Сол сәтте қаламсабымнан көйлекке жаңа ертегі сюжеті төгілді. Ол әлі шкафта ілулі тұр",– дейді.
Автор ол ертегіні басылымға шығаратынын, не сол көйлекте жазылған күйінде шкафта ілулі қалатынын айтпады. Бірақ, мұндай туынды барын білген поттериандықтар оны оқығанша тыным таппасы анық.