Құрметті жолдасым, Сәбит. Сіз менің Петропавловскідегі орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргенімнен хабардар боларсыз. Январьдың басында мені қызметімнен босату туралы мәселе қозғалғанымен де біраз уақытқа басылып қалған еді. Бірақ, январьдың соңында бұл жай тағы әңгіме болды да, мені жұмыстан шығарып жіберді. Не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты.
Міне, 20 шақты күн болды, жұмыссыз отырмын. Декабрьде көркем әдебиеттердің қазақ баспасымен Толстойдың "І Петр", Некрасовтың "Декабристерін" аударуға келісімшартқа отырған едім. Содан бері одан да хабар жоқ. Ол жақтан мен өте қиын халде оралдым. Әсіресе, жұмыссыздығым жаныма жаман батады.
Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өзімнің қалам ұшыммен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын. Әрине, өз халімнің мүшкілдігін айта отырып, Сізді де бірдемеге міндеттегім келмейді. Сізге осылай жазуға қазіргі халім итермелеп отыр. Кешіріңіз. Бұл хатты қыдырып келген туыстарым жақтан, "Степняктан" жазып отырмын. Төрт-бес күннен соң қайтамын.
Құрметпен, Мағжан.
20 февраль, 1937 жыл.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан