- Негізгі бет
- Әдебиет
- Ілияс Жансүгіровтың Фатима...
Ілияс Жансүгіровтың Фатима Ғабитоваға жазған хаты
Сүйікті Патима!
Хатыңда алып, хат жазуға асығып отырмын. Сенен хат алсам, жауап жазуға асығам. Өйткені сені сағынам. Сені ойлаймын…
Мен жәрдемді сенен күтем. Сен — маған үлкен қуатсың. Сенімен сөйлескім келеді, сенімен хабарласқым, хаттасқым келеді. Менің саған жазған хаттарымды осы сарынның барлығын жасыруға болмайды.
Сен менің бұл сөзімнен әлде нәрсе ойлауың мүмкін, бірақ оның бәрі қате. Мен сенен еш нәрсе де күтпеймін. Мені қалай бағаласаң, не десең — сенің өз еркің. Мен сені қатты жақсы көрем, қатты сүйем, бірақ менің бұл сүюім сені еш нәрсеге міндеттендірмейді…
Мен сықылды мені де сағынуды, сүюді, сыйлауды — мен сенен күтпеймін. Сен оны істеме… Менен грязный нәрсе және күтпе… Онда қаталасқаның… Мені босқа күйдіруші болма…
Маған керегің — жәрдемің, достығың. Мен тек, саған жанымды жеңілтіп, сырымды сөйлейтін болайын. Сен менің сөзімді көтереді, түсінеді деп ойлаймын.
Егер сен менің саған айтқан бұл сырларымды бағаласаң — менің өмірімде бір терең із қалдыратын бір жақынымсың.
Осы туралы толық жауап жаз. Өз пікіріңді айт, шешіле айт. Бір-бірімізді үгітпен ұғындырып жататын кісі емеспіз ғой. Ашық жауап күтем…
Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан
А. Оралқызы