Толстой “Нобель сыйлығынан бас тартқан” деген болжамдар да жоқ емес. Солженициннің жазуына қарағанда, Толстой: “Әлдеқандай керосин сатушы Нобель сыйлығын ұсынады, бұл қалай болды?” деп мысқылдаған. Бұл рас әңгіме ме?!
Нобель сыйлығынан бас тартқан
Толстой сыйлықтан 1906 жылда да бас тартқан, бұған күмән жоқ. Ал, 1901 жылы енді ғана беріліп жатқан, әлі айналасында дау басталып үлгермеген сыйлық жайында “қарияның” құлағдар болуы да күмәнді жағдай. Швеция хатшысы Карл Вирсен Толстойдың өлмейтін шығармалар тудырғанын мойындай отырып, оның сыйлықты иеленуіне мүлдем қарсы болған. Оны Толстойдың: “Цивилизацияның барлық формаларынан бас тартып, барша бар болған мәдениеттерден үзіліп қалған примитивті өмір сүру тәрізін қабыл алуға үндегені” таңғалдырған еді.
Иә, көпшілік осылай болуын күткен еді, мысал үшін осы Вирсеннің қырықтан аса отандасы 1902 жылдың қаңтарында әдеттен тыс жанрда Толстойға хат жолдағандардың қатарынан: "Нобель сыйлығы алғаш рет берілуі себебінен біз, қол қойған ақын, жазушы және сыншылар сізге өз құрметімізді білдіріп... Өзіңіздің ішкі әлеміңізбен осы сияқты сыйлықтарға ұмтылмаған болсаңыз да, сіздің бойыңыздан заманауи әдебиеттің патриархын, бәлкім бүгінгі күнде бәрімізден бұрын көз алдымызда келе жатқан үлкен сөз зергерінің бірін көреміз”.
Мұндай хаттар ағымынан соң, Лев Толстой да өз пікірін білдіріп хат жазуды ләзім көрді. Өзінің қысқа ғана хатында ол төмендегідей жауап жазған еді: “Қадірлі де құрметті, бауырлар! Нобель сыйлығы маған берілмегендігіне қуаныштымын! Бұл, біріншіден зұлымдық келтіруі мүмкін болған ақшаларды сарп ететіндей ауыр жұмыстан босатты, екіншіден, маған таныс болмаған, бірақ өте қадірлі болған осыншама адамдардан жылы лебізді хаттар алғаным мен үшін үлкен мәртебе!"
Толстой егер байқаған болсаңыз, Нобель сыйлығын алуды қаламағандай түр танытса да, өзі айтпақшы, міне, осындай “бас ауруы” яғни өзіне жақпайтын ақшаларды қалай жұмсау, үлестіру сияқты мәселелерді ойлап көруге іштей дайын еді. Бұл белгілі дәрежеде ол, 1901 жылы Нобель сыйлығынан бас тартпағандығының айғағы.
Шекспирді ұнатпаған
Толстой ағылшын жазушысының шығармаларына сын көзбен қараған. Ал, “Гамлетті” “көркем шығарманың ең озық халтурасы” деп атаған екен.
Гандимен достығы
Лев Николаевичке хаттар жиі келіп тұрған. Оның жақын достарының бірі Махатма Ганди болған. Орыс жазушысы Гандидің философиясымен толық келіскен. Ол да зұлымдық пен жамандыққа қарсы күш қолдану пайдасыз деп есептеген.
Құмарпаз болған
Құмар ойын – орыс қаламгерлерінің “соры” болған. Пушкин Евгений Онегиннің бесінші бөлімін бәске қойып ұтылып қалған (кейін қайта ойнап ұтып алған), Достоевский картадан арттырған қарызынан құтылу үшін “Қылмыс пен жазаны” тоқтата тұрып, жедел түрде “Құмарпаз” романын жазып шыққан.
Толстойда картаға құмар болған. Аңыз бойынша ол Ясная Полянадағы үйін картаға ұттырып жіберген деген сыбыс бар. Оқиға былай болған...
1854 жылы Толстойға сарбаздарға арналған журнал шығару үшін қаражат керек болған (жазушының өзі сол кезде армияда қызмет еткен және Қырымда болған), сондықтан ол қарашаңырақты сатуға мәжбүр болған деседі. Алайда, үкімет басылымның шығуына рұқсат бермеген. Содан кейін түскен қаражат қарыздарды төлеуге кеткен екен.
Жазуы нашар болған
Жазушы шығармаларын жұбайымен бірлесіп жазды деген теория бар. Бірақ бұл теория ешқешен расталмаған.
Софья Андреевна жұбайының қолжазбаларын таза параққа әдемілеп көшіріп отырған. Себебі Толстойдың жазу өте нашар болған. Ал Софья осылай баспагерлердің жүгін жеңілдеткен.
Көшіру кезінде ол Толстайға кейбір жерлерімен келіспейтін пікірін айтып отырған, жазушы кейде жұбайының айтқан пікірлерін ескерген.
Шындығында, Софья Андреевна өзін шынымен де әдебиетте сынап көрген. Ол бірнеше қысқа әңгімелер мен балаларға арналған әңгімелер кітабын жазған. Оның естеліктері “Менің өмірім” деген атпен жарық көрген.
Үйленуі
Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевна Берстің анасымен достық қатынаста болады да, Берстің үш қызының қайсысына үйленетіндігін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген.
Вегетариан болған
Ұлы романист 50-ге толғанда вегетариандық жолды таңдаған. Әрине, оған дейін басқалар сияқты еттің түр-түрін талғамай жей берген. Жазушы өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" дегенді айтып, сөзінің ақиқатқа айналатынына үміттенген.
Лев Толстой мен Тургеневтің таныстығы
Лев Толстой Тургеневпен таныс болған. Алайда, олар достық қатынаста бола алмады. Арадағы кикілжіңнен кейін бірнеше жылдардан бері сөйлеспейді, тіпті, дуэльге дейін баруға шақ қалған.
Жалаң аяқ жүрген
Халыққа жақын болу үшін (басқа деректерде денсаулықты нығайту үшін делінеді) қартайған шағында Лев Толстой жалаң аяқ жүрген екен.