Кітаптың адамға тигізетін пайдасын қанша талқыласақ та таусырлар емес. Бүгін кітапты тастамай оқуға тұрарлық себептерді ұсынамыз.
1.Кітап оқу арқылы ойлау көкжиегін дамытуға болады:
Кітаптан сіз білмейтін ақпаратты табуға болады. Мысалы детектив бағытындағы кітаптарда қылмыс орны толық әрі нақты сипатталады. Енді қылмыскерді автормен бірге іздеп жүріп, сіз Нью-Йорк көшелерінің қандай болатынын білесіз. Тіпті Сицилия тұрғындары кешкі асқа әдетте не жейді деген сұраққа жауап табуыңыз мүмкін. Ондай ақпаратты әдетте әдейілеп іздемесе, табу қиын.
2. Кітап өмірді құтқара алады:
Сіздің болашақта қандай жағдайға тап болатыныңызды кім біледі. Төтенше жағдай кезінде сізді жалықтырып жіберген кітап сюжеті есіңізге түсуі мүмкін. Авторлар кітап жазбастан бұрын көп ізденеді. Оқиғаны шынайы түрде жеткізуге тырысады. Сондықтан орманда адасып кеткен жағдайда қалай жол табу жолы көрсетілсе, болашақта ол сіздің де қажетіңізге жарап қалуы әбден мүмкін.
3. Сіз идеялардың генераторына айналасыз:
Әлем сіз білмейтін нәрселерге толы. Шығармашылық бойынша жаһандық сарапшы Майкл Микалко мүлдем сәйкес келмейтін екі ойға негізделген жаңа нәрсені ойлап табуға кеңес береді. Сіз қаншалықты көп білімге ие болсаңыз, жаңа идеяларды шығару соғұрлым оңай болады. Кітап болса сізге керек білімді береді.
4. Кітап басқаларды жақсы түсінуге үйретеді:
Кітаптар адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Фильмдерден айырмашылығы, олар басқа адамның санасына уақытша енуге, оның ойын түсінуге, демек, мінез-құлықтың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сіз өзіңізді де жақсы түсіне бастайсыз. Білімді өмірде қолдануға болады: адамдарды оқуды үйреніңіз және олардың әрекеттерінің артында не жатқанын біліңіз.
5. Өмірде әлі бетпе-бет келмеген оқиғалар туралы оқыңыз:
Кітап оқи отырып, сіз басқа біреудің тәжірибесінен үйренесіз: берілген жағдайда өзін қалай ұстау және не айту керегін, ыңғайсыз жағдайдан қалай шығуға болатынын үйренесіз. Қандай жағдайда қатеге жол беруіңіз мүмкін деген сауалдарға жауап аласыз. Бұл тұрғыда детективті әңгімелер жинағы әлемдегі ең пайдалы кітаптар саналады.
6. Кітап қарым-қатынасыңызға әсер етеді:
Неғұрлым жиі оқитын болсаңыз, соғұрлым таным көкжиегіңіз арта түседі. Түрлі дерекке қанық боласыз. Мысалы күн сәулесінің жерге түсу жылдамдығын, жарнама деген не азаматтық соғыстар неге орын алады, жануарларға құйрық не үшін керек деген сауалдарға жауап алуыңыз мүмкін. Мұндай таңғажайып деректер әңгіменің дұрыс өрбуіне себеп болады. Сонымен қатар сізбен әңгімелесу жағымды бола түссе, серігіңізді ешқашан жалықтырмайды.
7. Кітаптар сөздік қорын байытады:
Ғаламтор дәуірінде біз көп жазамыз әрі ашық сөйлесеміз: әлеуметтік желілерде жазбалармен бөлісіп, жұмыс барысында презентациялар дайындап, оны әріптестер арасында қорғаймыз. Уақыт өте таныстарыңыз сіздің сөйлеу және жазу мәнеріңізге көңіл аудара бастайды. Сөздік қорды дамыту үшін белгілі бір кітапты оқу керек деген қағида жоқ. Кез келген кітап сіздің сөздік қорыңызға әсер етеді. Тіпті өзіңіз үтірлердің қойылуына мән бере бастағаныңызды байқамай қаласыз.
8. Жылдам оқу дағдылары дамиды:
Әрине, күніне бір кітап оқитын деңгейге жетпейсіз. Бірақ үнемі бірдей сөздерді кездестіру уақытыңызды үнемдейді және жылдамдығыңызды арттырады.
9. Кітаптар есте сақтау қабілетін дамытады:
Алдымен кітаптар мидың жұмысын белсенді ете түседі. Есте сақтау қабілеті жақсарады. Қартайған шағыңызда да кітап оқымайтындарға қарағанда есте сақтау қабілетіңіз жақсырақ бола түсетінін ұмытпағайсыз.
10. Сіз мәселелерді оңай шешесіз:
Жағдайдан шығудың жолын өзге біреудің тәжірибесіне қарап үйренуге болады. Сіз тап болған мәселені өзге біреу әлдеқашан басынан өткеруі мүмкін. Сіз соған қарап, өзіңізге бір түйін жасай аласыз.
11. Оқу күйзеліс әсерін төмендетеді:
Ғалымдар күніне 6 минут қана кітап оқу күйзелісті 65%-ға дейін төмендетеді деген тұжырымға келген. Кейбір ғалымдар қиял-ғажайып шығармалары күйзеліспен күресудің ең жақсы құралы деп санайды.