- Негізгі бет
- Әдебиет
- Кітап бізді қалай...
Кітап бізді қалай өзгертеді?
Жуырда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Данияр Жігітбектің “Лайфхактар, өміріңді өнімді өткіз” атты кітабының таныстырылымы өтті.
Жасөспірімдерді жігерлендіріп, кітап оқуға шақырып жүрген Данияр Жігітбекті қолдап, еңбегінің көпшілікке таралуын мақсат еткен шарада аудитория лық толды.
Аталған кездесудің форматы да ерекше болды. Алдымен “Кітап бізді қалай өзгертеді?” тақырыбында шеберлік сағатын өткізген автор келушілерді кітап оқуға ынталандырды. Ол кітаппен қалай дос болғанын баяндап, кітап оқуды жеңілдететін лайфхактарымен бөлісті. Содан кейін оқырмандарға кітапты жазуға итермелеген ниеті – білгенін өзгелермен бөлісу екенін тарата айтты. Келушілер де белсенділік танытып, көкейіндегі сауалдарды қойып, тиісінше жауабын алды. Әңгіме барысы көбіне өнімділік жайында болды.
Бұл кітап Данияр Жігітбектің бірінші кітабы емес. Бұған дейін “26 жылда – 26 қағида” атты еңбегін жазған. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жеке даму, кайдзен, кітаппен дос болу және тіл үйрену тақырыбында түрлі кеңестерін беріп келеді. Өлең шығарып жыр шумақтарымен де бөлісіп тұрады. Бір қызығы бірнеше онлайн жобалардың авторы. “Өзіңді тап” және “Кітап сүйер қауым” марафондарын ұйымдастырып көпшіліктің ықыласына ие болған.
Ғазиза Құдайбергенқызы,
Алматы қалалық
Жамбыл атындағы жасөспірімдер
кітапханасының меңгерушісі