- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ғасырдың таңдаулы әңгімелері:...
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Нью-Йоркті құтқару #9
Досым екеуміз таксиге отырып Нью-Йоркке келе жаттық. Біз көліктен түскенде, досым жүргізушіге: «Бізді осында әкелгеніңізге рақмет, сіздің жүргізушілік өнеріңіз үстем екен!», - деді.
Жүргізуші аңырып сәл тұрды да, екіұдай бола сұрады: «Бұл не дегеніңіз? Сіздің деніңіз сау ма, әлде есіңіз ауысқан ба?»
«Жоқ, жігітім! Саған жағатсып тұрғаным жоқ. Жолда осыншама кептеліс болса да сен соншалық байсалды кейіп таныттың, бұл кез келген адамның қолынан келмейді, мен сізге тәнті болдым!»
Жүргізуші сенер-сенбесін білмегендей: «Солай ма?», - деп екі иығын қиқаң еткізді де жүріп кетті.
- Бұл сенің қайткенің?
- Мен Нью-Йоркке сүйіспеншілікті ала кірмекпін. Бұл Нью-Йоркті құтқарудың бірден-бір жолы, - деді досым.
- Нью-Йорк сынды бір қаланы құтқару жалғыз адамның қолынан келе ме, жынданған екенсің.
- Жалғыз мен ғана емеспін, жаңағы жүргізуші де бар. Ол жиырма жолаушыны алып жүрді дейік, ол осы оқиғадан кейін әлгі жиырма жолаушыға жылы қабақ танытады деген сөз. Ал, осы жиырма жолаушы өздерінің қызметтестеріне, сондай-ақ, өздеріне қызмет өтеген барлық жанға және отбасындағыларына жақсы мәміледе болары сөзсіз. Мұндай достық пейіл сан мың адамға жалғасады. Мұның несі жаман?
- Сен бар үмітті бір такси жүргізушісіне артып отырсың. Бұл күлкілі ғой. Әрі мүмкін емес, - дедім мен.
- Әрине, олай емес. Бірақ, мен әр күні аз дегенде ұқсамаған он адаммен жолығамын. Егер мен олардың арасындағы үшеуін қуанышқа бөлей алсам, олар арқылы үш мың адамның ішкі күйіне ықпал жасай аламын.
- Теориялық жақтан алғанда, айтқаныңның жөні бар, бірақ шындығында бұлай болуы екіталай, - дедім мен шынымды айтып.
- Бұл іс жүзеге аспаса да, менің түгім шықпайды ғой, қарсы жағымда отырған адам мылқау болса, онда тұрған не бар? Ертең, мен тағы бір такси жүргізушісіне жолықсам, бәрібір оны қуандыруға құлшынамын.
- Қызық екенсің, ақымақтар ғана осылай ойлап, осылай істейді, - дедім мен жеңіл ғана. Досым сөзімді іліп ала жөнелді:
- Бұл сенің өмірге немқұрайлы қарайтыныңды білдіреді. Мен дәл осындай жағдайға зерттеу жүргізгенмін, ақшадан басқа, мұнда аса қымбат бір нәрсе кем болып отыр, ешбір адам маған почта қызметкерлерінің қызмет өтеуі қаншама жақсы екенін айтып көрген жоқ.
- Бірақ, олардың қызмет өтеуі оңып тұрған жоқ қой.
- Мұның не себептен екенін білесің бе? Өйткені, олар өздерінің жақсы істеген-істемегеніне ешкім көңіл бөлмейді деп ойлайды, оларды мадақтап қоюдың не бас артықтығы бар?
Біз әңгімелесіп жүріп құрылыс салып жатқан бір жерге келіп қалыппыз. Бірнеше жұмысшы түскі асын ішіп отыр екен. Досым тұра қалып:
- Сіздердің істеген жұмыстарыңыз өте керемет қой, бұл жұмыстың қиын да қауіпті екеніне дау жоқ, - деді.
Жұмысшылар таң-тамаша болып оған қарап қалыпты. Ол тағы да:
- Құрылыс қашан бітеді?, - деп сұрады.
- Маусым айында.
- Оһо, бұл кісіні қуантатын хабар екен. Сіздер мақтаныш сезінетін шығарсыздар!
Ол осыны айтып менімен бірге жүре берді.
- Сен сияқты адамды көрмеген екенмін, - дедім мен.
Ол өте сеніммен:
- Жаңағы кісілер менің сөзімді түсінсе, қызметке өзгеше ықыласпен кірісетін болады. Сөйтіп, олардың көңілді қызмет позициясынан қаламыз игілікке кенеледі.
- Бірақ, жалғыз өзің бұл жоспарды атқара алмайсың, - дедім мен кесетіп.
- Маңыздысы, адамдарды сөз жоқ шабыттандыру керек. Қалада жасап жатқан адамдарды достық сүйіспеншілікті жарасымды етіп қайта өзгерту оңай шаруа емес, егер мен үндеу тастасам, өзгелерді өз қосыныма ілесуге иландырам...
- Мынауың бір көріксіз әйелдің көркем үмітінен басқа дәнеңе де емес, - дедім мен оның сөзін бөліп.
- Солай, мұны білемін, - деді ол, - егер сол көріксіз әйел бір мектептің оқытушысы болса, оның сыныбындағы балалардың ертеңі сөз жоқ нұрлы болады.
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Ғимараттан құлаған бозбала #1
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Қабірстандағы ғажайып кездесу #2
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Чемпион да қаралық істейді #3
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Шеше #4
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Жаңалық бар ма #5
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Шексіз адалдық #6
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Сулық киген кісі #7
Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Иуданың кескіні #8
Аударған: Ш.Қазез
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: wikipedia.org
M. Auelkhan