Керуак 18 жасында қандай кітаптар оқыған?

Джек Керуак – әдебиет әлемін жаңғыртқан жазушылардың бірі. Оның «Дхарма кезбелері», «Биг-Сур» және «Жолда» романдарынан бит-поэзия мен джаздың лебі еседі. Оның өзінен кейінгі шығармашылық адамдарына берген әсері орасан зор болды. Әлі күнге дейін солай.

Ал, осы тұтас бір әдеби бағыттың негізін салушы Джек Керуактың өзі қандай кітап оқыған? Жазушының өрімдей 18 жасында кезінде оқыған кітаптарының тізімі сақталыпты. Соған көз жүгіртейік, оқырман:

- үнді жазбалары;
- қытай жазбалары;
- Көне Келісім (Ветхий завет) мен Жаңа Келісім (Новый завет);
- Гиббон мен Плутарх;
- Гомер (тағы да);
- Шекспир (тағы);
- Вулф (үнемі);

Сондай-ақ:
- Финнеганды еске алу (Поминки по Финнегану);
- тарихи жазбалар;
- Торо мен Эмерсон;
- Джозеф Конрад;
- Прусттың естеліктері;
- Данте (тағы да).