Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 2018 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында Қазіргі заманғы сөз энергиясы атты Еуразиялық әдеби форум өткізгелі отыр. Шараға Еуразия құрлығының белді қаламгерлері қатысады. Атап айтар болсақ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Қытай, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина, Болгария, Моңғолия, Әзірбайжан және өзге де мемлекеттердің қаламгерлері бар. Аталған форум Елордасы Астананың 20 жылдығына арналады.Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамыз Астана қаласында өтпекші.Форумның бағдарламасы:20 қыркүйекСағ.10.00-де форумның салтанатты ашылу рәсімі.Әдебиет және жаһандық мәселелер және Аймақтық әдебиеттердің дамуы тақырыптары бойынша пленарлық отырыс.Заманауи Еуразиялық әдебиет атты кітап көрмесі.Өтетін орыны: Тәуелсіздік Сарайы. (Тәуелсіздік даңғылы, 52.).21 қыркүйекСағ.10.00 мен 13.00 аралығында 4 секция бойынша:1.Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер,2.Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер,3.Драматургияның өзекті мәселелері,4.Қазіргі аударма ісінің хал-ахуалы тақырыптарында басқосулар.Қосымша:Форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран жазушыларының қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылады.Өтетін орыны: Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы 15.Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚазақстанРесей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.