Қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер

Қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер
Фото: freepik.com

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.
***
Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.
***
Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді. 

***
Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
***
Біреу – біреуге сүйеу.
***
Жақсының айтқаны келмейді,
Жаманның сандырағы келеді. 
***
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
***
Жақсылыққа жақсылық,
Әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық,
Ер кісінің ісі. 

***

Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды.

***

Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
***
Жақсылық қылсаң, жасыр,
Жақсылық көрсең, асыр.
***
Жамандықты көп қуған
Бір бәлеге жолығар.
Жақсылықты көп қуған,
Бақ дәулетке молығар.
***
Кең болсаң, кем болмайсың.

***

Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.

***
Мейірімділік жүректен,
Мейірімсіздік білектен.

Т. Есқали