Жазушылар ойлап тапқан 5 өнертабыс

Жазушылар ойлап тапқан 5 өнертабыс
Фото: vk.com

1. Құлаққап 

"Фаренгейт бойынша 451 градус" –Рэй Дуглас Брэдбериге атақ пен абырой алып келген кітап. Кітапта ағын су өз арнасымен емес, кері бағытта ақса, күнді шығыстан емес батыстан шығатындай етіп көрсетеді. Қоғамдық-моральдық шектеулерге тыйым салынбаса не болатынын айшықтайды. "Фаренгейт бойынша 451 градус" кітабында осы антиутопия жайында айтылады. Ал сіз бұл кітапты оқыған болсаңыз, онда дыбыс бірден миға жету үшін кішкене ғана «бақалшықтарды» пайдаланғанын жақсы білуіңіз керек. Бұл өзі 50-ші жылдары фантастика сияқты көрінсе де, қазіргі таңда осы мақсатта қолданылатын құлаққаптарға көзіміз үйреніп кетті.

2. Атом бомбасы

«Атом бомбасы» ұғымы алғаш рет Герберт Уэллстің  «Азат етілген әлем». Аталған туынды жарық көргеніне 30 жыл толғанда атом бомбасы туралы барша әлем хабардар болды.

3. Қылмысты ашудың жаңа әдістері


Бұл өнертабыс болмаса да, өте маңызды дүние. Артур Конан Дойлдың атақты «Шерлок Холмс жазбалары» кітабы жарық көргеннен кейін Скотланд-Ярд полициясы әр детальге мін беріп, анализ үшін темекі күлі мен тұқылдарын  жинайтын болған. Нәтижесінде қылмыскерді табу үдерісі қарқынды жүріп, шешілген қылмыстық істер пайызы артты.

4. Су асты кемесі

Техникалық жетістіктер ғасыры басталғанға дейін теңізде тек қайық не кемелермен жүруге ғана болатын. Қазір ешкімді таңқалдырмайтын су асты кемесінің идеясы алғаш француз классигі Жюль Верннің шығармасында айтылған. Оның  «Теңіз деңгейінен 20000 лье төмен» романында «Наутилус» аталатын тұтас металдан жасалған су асты кемесі туралы айтылады.

5. Жоқ нәрседен ақша жасау

Жоқ нәрседен ақша жасауға бола ма? Ауа сатып ақша табуға бола ма? Әрине! Шенеуніктер солай семіріп отыр емес пе? – дейсіз ғой. Солай-ақ. Бірақ, өнертабыс болмаса да, тұрмысты жеңілдетер өнертабыстарды иемденуге мүмкіндік беретін құнды қағазды қалай жымқыру идеясын бір классик ұсынды. Ол – Николай Гоголь! Оның «Өлі жандар» романында өмірде жоқ нәрсені құжат жүзінде сатып алу мен сату жолдары толыққанды сипатталған. Әрине! Әрине! Гогольдың еш кінәсі жоқ. Ол мұныі бәрін бар болғаны өмірден алған.

А. Оралқызы