Белгілі кинорежиссер, актер әрі жазушы Василий Макарович Шукшиннің жас жазушыларға берген кеңестерімен бөліскіміз келеді. Қабыл ал, данышпан!
• Жасқа жас қосылған сайын үнемі ой үстінде жүретін адамның қаншалықты күшті екенін ұғына түсесің. Оның жолында бәрі құрбан болады: жастық та, сүйкімділік те, құмарлық та. Бәрі қартаяды, бәрі өледі. Тек ой ғана жойылмақ емес. Сол ойға көміп жүретін адамнан асқан сұлулық жоқ.
• Кез-келген нағыз жазушы, әрине, психолог секілді. Бірақ, ең алдымен, оның өзі ауру.
• Өзіне деген сыни көзқарас адамды ақылды ете түседі. Өнерде де, әдебиет те солай. Өз еншіңді толық ұққанда ғана нәтиже болмақ.
• Ақиқат көп сөзді қажет етпейді. Ал, өтірік керісінше.
• Жиырма кітап жазғым келеді. Ақымақ-ау! Бесеу жетеді. Тек мықты болсын.
• Жазылмай жатырған кезде мен үнемі бөлме ішінде әрлі-бері жүруді әдетке айналдырғанмын. Әсіресе, қонақүйде тоқтағанда.
• Жазушыны мақтағысы келгендер: Бұл өмірді біледі- деседі. Құдай-ау, өмірді кім білмейді?! Оқырманның жазушыларды жақсы, нашар деп ажыратуының өзі олардың өмірді білуінен емес пе?!
• Мен өз жазғанымның қай уақытта сапалы шығатынын жақсы білемін. Ондай сәттер құдды қағаздан қалам арқылы тірі адамдар алып шыққандай күй кешем.