Жаңа жыл келсе алдымен қуанатын бүлдіршіндер. Олар үшін тақпақ айтып, ән салып, өнерлерін көрсетіп сыйлық алу – керемет сезім. Балаларға арналған тақпақтарды ұсынамыз.
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
***
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды
***
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
***
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
***
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау, қарлы шаң
***
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
***
Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
***
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық Аяз атаны
***
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
***
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
***
Ән саламыз, би билеп
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің жаңа жыл
Қандай қызық көңілді
***
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
***
Даламаызға, қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді
Қартыңызға, жалпыңызға
Жалынды сәлем береді