- Негізгі бет
- Әдебиет
- Жақсы жазушының 4...
Жақсы жазушының 4 альтер-эгосы болады
Сьюзен Зонтэг — XX ғасырдың екінші жартысындағы америкалық мәдениеттің аса маңызды кейіпкерлерінің бірі.
Ол 71 жыл өмірінде өзін көркем шығарма авторы, сыншы, эссеист, өнертанушы, философ, театр режиссері, драматург және киносценарист ретінде көрсете білді. Осы жетістіктерге қарай отырып Зонтэг құдды барша өнер мен әдебиет кеңістігін жаулап алуға тырысқанға ұқсайды. Ал, сол ұзақ та қиын жол үстінде ойына келген идеялардан романдар жазып отырғандай. Оның туындылары тек мәдени идеялар шеңберінде қалып қоймады. Сондай-ақ, фотосуреттің әлемді қабылдау қасиетіне әсері төңірегіндегі психологиялық пайымдаулар мен өз елінің әскери авантюраларын айыптауға дейінгі актуалды мәселелерді қамтыды.
Батыс өркениетін «адамзаттың қатерлі ісігі (рак человечества)» деп атаған Сьюзен Зонтэг талай сынға ұшыраса да, қазіргі таңда ол – нағыз ойшылдар үшін шабыт көзі.
Зонтэгтің 28 жасындағы жазбаларында:
" Жақсы жазушы болу үшін 4 альтер-эго қажет:
- қияли
- идиот
- стилист
- сыншы
Бұлардың біріншісі – материал көзі, екіншісі – материалдың сыртқа шығуын қамтамасыз етуші, үшінші – талғам, ал төртінші – парасат.
Ұлы жазушының бойында осылардың төртеуі де болады, ал жай ғана жақсы жазушы болуға алғашқы екеуі жетіп жатыр, олар – ең маңызды "- деп көрсетілген.