- Негізгі бет
- Әдебиет
- ХІХ ғасырдағы тырысқақ...
ХІХ ғасырдағы тырысқақ карантині Пушкин шығармашылығына қалай әсер етті?
1830 жылдың күзінде орыс әдебиетінің классигі, ақын Александр Пушкиннің шығармашылығы үшін өте жемісті болды. Себебі Оңтүстік Азиядан шыққан тырысқақ инфекциясы Ресейге де жетіп, біршама аймақта карантин жарияланды. Бұл уақытта Пушкин Болдино селосында жүріп, Мәскеуге қайта алмай қалған. Село карантинге жабылып, ешкімді шығармай қойған. Нәтижесінде ақын үш ай бойы Болдинода жатып, шығармашылығымен айналысады. Бұл кезең кейін "Болдино күзі" деп аталып кетті. Карантин кезінде ақын қандай шығармалар жазды?
Пушкин Болдиноға 3 қыркүйекте келіп, қарашаның соңына дейін болды. Үш ай ішінде ол "Евгений Онегин" өлең-романын аяқтап, "Белкин хикаялары", Кішкентай трагедия" циклін, "Коломнадағы үй" поэмасын және 32 лирикалық өлеңін жазды.
"Болдинодағы Пушкин", Виктор Иванов
"Мәскеуге кіруге болмайды. Мен болсам Болдинода қамалып қалдым. Ерік-жігерімді жоғалтып алғандаймын, тіпті не істерімді білмеймін. Биыл біздің үйлену тойымыз болмайтыны анық. Айналаның бәрі карантинде, бірақ бұл жерге эпидемия әлі келе қойған жоқ. Болдино – жан-жағын жартас қоршаған арал іспетті. Көршім де жоқ, оқитын кітап та жоқ. Ауа райы жағымсыз. Уақытым қағаз шимайлаумен өтіп жатыр. Жарық дүниеден хабарым жоқ. Әңгүдікке айналып бара жатқандаймын".
Пушкин, 11 қазан 1830 жыл, Бородино
Пушкиннің күнделігіндегі бұл жазбада тойы кейінге қалғаны жазылған. Ақын сол жылы 6 мамырда Наталья Гончароваға үйленіп, тойын әне-міне жасаймын деп күзге қалдырған. Бірақ күзде Болдинода қалып, тойынан күдер үзген.
Пушкин өмірінде карантиннен бөлек тағы екі "Болдино күзі" болған. Ол 1833 жылдың күзін сол селода өткізіп, "Жез салт атты", "Анджело" поэмаларын, "Балықшы мен балық", "Өлі патша қызы мен жеті богатырь" ертегісін және біршама өлең жазып, "Пугачев бүлігінің тарихын" бітірді.
Ақын келесі жылдың да күзін Болдино өткізеді, бірақ "Алтын қораз" ертегісін ғана жазған.