- Негізгі бет
- Әдебиет
- Хемингуэйдің бұрын жарияланбаған...
Хемингуэйдің бұрын жарияланбаған туындылары басылып шықты
The Strand Magazine аталатын америкалық әдеби журнал Эрнест Хемингуэйдің шығарылмаған туындыларын жариялады. Солардың бірі — 1956 жылы жазылған "Бақша жақтағы бөлме" (A Room on the Garden Side) әңгімесі. Хемингуэй Қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Кирк Карнатт айтуынша, бұл әңгімеде Хем әкейдің шығармашылығына тән ерекшеліктің бәрі бар.
"Бақша жақтағы бөлме" әңгімесінің оқиға желісі Париждегі "Ритц" қонақүйінде Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде орын алады. Әңгімелеуші — Роберт есімді кейіпкер. Жалпы, соғыстан шаршаған солдаттардың күйінен сыр шертетін шығармада шарап ішу, Бодлер өлеңдерін оқу, соғыс туралы пәлсапалық пікірлер және өзге де хэмингуэйлік мәнерге тән дүниелер жоқ емес.
Кезінде Хэм "Ескерткіш" (The Monument), "Үнді елі мен Ақтар әскері" (Indian Country and the White Army), "Жалған атақ" (The Bubble Reputation) және "Қиылыстар" (The Cross Roads) деген әңгімелерінің бар екенін айтқан. Бірақ, шығармаған (Соңғысынан өзгесін).
Аталған әңгімелері туралы: "Бұлар соғыс, әскери өмір мен адамдарды өлтіретін адамдар туралы. Шығару керек болса, оны мен өлгесін істегендерің дұрыс", – деген екен Хемингуэй баспагерге.