Лингвисттер зерттеу жүргізіп, британ жазушысы Джоан Роулинг атақты шығармасы "Хәрри Поттердегі" кейіпкерлер есімін тектен-тек атамағанын анықтаған. Әр есімнің кейіпкер болмысына сай мағынасы бар. Бүгін "Хэрри Поттер" туындысындағы есімдерді назарға ұсынамыз.
Harry Potter
Бас кейіпкердің есімі мен тегі Англия аймағында танымал. Дегенмен автор оны тек танымалдылығына қарап таңдады десек, қателесеміз.
Harry атауы Harold — англосаксондық патшалар есімінен шыққан. Ал Harold ежелгі ағылшын тіліндегі Hereweald сөзінен туындаған: here (әскер, сарбаз) және wealdan (басқару) деген сөздерден тұрады. Бас кейіпкердің есімі арқылы автор кішкентай баланың ішінде қара күшпен күресе алатын үлкен жігердің жатқанын көрсетеді.
Қарапайым Potter (қыш кұмырашы) есімімен қосылып, ұлылық пен қайсарлық адамның шығу тегімен байланысты емес екенін ұқтырады.
Поттердің ата-анасы
Әкесі James (иврит тілінен аударғанда "қыр соңыннан қалмайтын") роман бойына оның кейіпкер ретінде әлі де "тірі" екенін түсінесіз. Оның көлеңкесі Гарриге қиын сәтте күш, кеңес беріп, оны алға қарай жетелеп отырады.
Оның анасының есімі — Lily. Есімнің мағынасы — тазалық, мейірім. Оның есімі де кейіпкердің болмысына сай келеді.
Поттердің достары
Hermione — өте сирек кездесетін әрі ауыр есім. Бойжеткеннің есімі Шекспирдің "Қысқы ертегілер" шығармасындағы патшайым есімінің құрметіне қойылған. Патшайымның атауы мен қарапайым шаруа тегі (Granger аудармасы — "фермер") ақылды болу үшін бай баласы болу міндетті емес екенін көрсетеді.
Ron, толық атауы Ronald ежелгі скандинав сөзі "rögnvaldr" аударғанда "басшының оң қолы" дегенді білдіреді. Шынымен Рон Поттердің бас кеңесшісі әрі көмекшісі болды. Ал Weasley тегі күзен жануарына (weasel) ұқсайды. Бұл жануар кішкентай болса да, өзін-өзі қорғай алады. Қанша жерден епті болса да, жануар кейде ақымақтау болып көрінеді.
Rubeus Hagrid — сақалды, ірі және ол жағымд кейіпкер. Ол ыңғайсыз жағдайда қалған оқушыларға жиі көмегін тигізетін. Hagrid тегі — ежелгі ағылшын диалектісі. Бүгінде ол сөзді қолданбайды. Оның мағынасы — қиындықтан арылмаған немесе мазалап жүрген мәселесі бар адам. Романда және фильмде Хәгридті жиі ішімдікпен көретін себебіміз осы болса керек. Латын тілінен аударғанда rubeus — қызыл дегенді білдіреді. Біздің кейіпкеріміздің беті көбіне қызарып жүретініне де күмәніміз жоқ.
Albus Dumbledore. Хогвартс директорның толық есімі — Albus Percival Wulfric Brian Dumbledore. Albus — "ақ", Percival, Wulfric және Brian — қорқыныш дегенді білмейтін, өз күшіне ешқашан күмән келтірмеген әскерлер, аңыз кейіпкерлері. Оның тегі Dumbledore "ара" деп аударылады. Ол ылғи ыңылдап әндетіп жүретін. Сол арқылы араның ызыңына келсе, өзінің бірбеткей мінезі мен сөзі арқылы биліктегілердің "шағып" алатын әдеті де бар еді.
Lord Voldemort
Lord Voldemort. Француз тіркесі vol de mort екі мағынада қолданады: "қалықтаған өлім" және "өлімнен қашу". Қара күш иесі Лордқа бұл екі мағынада барады: ол өлтіріп те, өлімнен қашып та көрген.
Қосымша кейіпкерлер
Draco Malfoy. Драко латын тілінен аударғанда әркез күреске дайын айдаһар дегенді білідерді. Ал тегі екі француз сөзінен тұрады: mal (ашу, ыза) және foi (сенім). Басқаша айтқанда арамдық пен дұшпандық.
Severus Snape — бейтарап кейіпкер. Ол Хәрриге әрдайым көмектескенімен, онымен дөрекі сөйлесетін. Латын тілінен аударғанда severus "қатал" дегенді білдіреді. Snape сөзі болса snake (жылан) және sneak (сатқын) сөзіне ұқсайды.
Peter Pettigrew — Волан-де-Морттың қырсық қызметкері. Pettigrew француз тіліндегі petit (кішкентай) және ағылшын тілінедгі grew (өсу) деген сөздерден тұрады. Мағынасы "кішкентай болып жасалған" дегенді білдіреді.
Ал сіз қай кейіпкерді жақсы көресіз?